Фото:Sputnik Кыргызстан

«Қазпошта» АҚ-ның Жамбыл облысындағы жергілікті филиалының басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы Жемқорлықпен күрес департаментінен хабарлайды. 

Ол жеке тұлғаны жұмысқа алу мәселесін шешу үшін 250 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр. Кінәсін толық мойнына алғандықтан процессуалды тұтқынға алу болған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр.