Фото:Sputnik Казахстан

21 шілдеде таңғы сағат 6-да Қордай Алматы респуликалық трассасындағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды. Ал көлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Құзырлы органдардың мәліметінше, биылғы жол апаттары өткен жылға қарағанда жиілеп тұр.  

  Ресми мәлімет бойынша Мерседес-Бенц Е200 автокөлігінің ролінде 29 жастағы жігіт отырған. Тек бірер сәтке ғана мызғып кетіп, Мерседес-Бенц 814 автокөлігіне барып соқтығысады.  Нәтижесінде Мерседес-Бенц Е200 автокөлігіндегі 4 жолаушы түгелімен қайтыс болды. Оқиға Қордай-Алматы  республикалық жолында, Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде болды. Қазір   жүргізуші ауыр халде ауруханада. Кінәлі деп танылғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.