Фото:pney.net

Кеше ғана арнамызға арызын арқалап қала тұрғыны келді. Базынасы  шаһарымыздағы көгалдандыру ісіне қатысты. Сөзінше, көше бойындағы тал ауласына құлап, электр, газ, су желілерін үзіп кеткен. Салдарынан  әлгі тұрғын 2 тәулік бойы жарық пен байланыссыз отырдым деп жыларман. Мәселенің ақ қарасы келесі материалда.  

Қала тұрғыны Зәуреш Аханова  түнгі 2-лер шамасында дүрсіл дауыстан шошып оянады. Үйінің маңындағы қураған ағаш желден құлап, электр, телефон желілерін үзіп, тіпті су құбырларын майыстырып жіберіпті. Дереу құтқару қызметіне хабарласып, электр және газ құбырын өшіртеді. Салдарынан 2 күн бойы сусыз, жарықсыз отыруға тура келген. Өздерінің айтуынша, қураған ағаш көктем басталысымен-ақ қырқылуы қажет еді. Алайда хат жолданған күннен бастап, 90 күн бойы жауапты мекеменің  тіл қатпағанына аң-таң.

 Айгүл АХАНОВА  

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Жауапты «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі құдды қолын мезгілінен кеш сермегендей. Өйткені қазір тиісті тарап оқыс жағдайдың себебімен емес, салдарымен күресуде. Оған газ құбырын, қисайған қақпаны қалпына келтіріп, түскен қабырғаны жөндеп беруі дәлел болмақ. Десе де, мәселенің ақ қарасын анықтамаққа  «Жасыл-Ел Тараз» мекемесіне бас сұқтық.  Тиісті тараптың да бұл орайда айтары бар.

Нұрғалым РАЙЫМБЕКОВ

«ЖАСЫЛ-ЕЛ ТАРАЗ» МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мәселе тек  мұнда ғана емес. Жасыл желекке оранған Жамбыл орталығында апатты делінген  ағаш көп қазір. Себеп  мекеменің сүріп үлгермеуінде деседі.

 Нұрғалым РАЙЫМБЕКОВ

«ЖАСЫЛ-ЕЛ ТАРАЗ» МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қала көгалдандыруына жауапты «Жасыл-Ел Тараздың» қарамағында бүгінде небәрі 9 жұмысшы, 3 техника  ғана бар. Жұмысшы күштің аздығы ма, аптасына түсетін 30-35 өтінішті орындауға олар үлгермейді-мыс. Оның үстіне қаражат тапшы, техника аз –дейді мекеме басшылығы. Тіпті биыл тал кесу жұмыстары өз қалтамыздан жүргізіліп келеді дейді құзырлы мекеме. Жыл басында берілуі тиіс тендер тек маусымда ғана ойнатылған, оның үстіне әкімдік «Жасыл Ел-Таразға» тағы 300 млн теңге қарыз көрінеді.