Бүгінде көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселелері мемлекет тарапынан біртіңдеп шешімін тауып келеді. Десе де, әлі де тарқатылу сәтін күткен күрмеулі түйткілдер жоқ емес. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеровтың өңірдегі «Ақжүніс аналар қоғамының» бірқатар мүшелерімен кездесуінде осы орайдағы  мәселелер сараланды.

Кездесуге келгендер атаулы әлеуметтік көмектің берілуі, «Бақытты отбасы» бағдарламасы, несие қарыздарын кешіру бастамалары төнірегіндегі түрлі  өзекті сауалдарын жолдады. Әсіресе, атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібіндегі қажетті құжаттар тізіліміндегі өзгерістер, оның ішінде мекенжай тіркеліміндегі алуандылық көпшілікті толғандырып отырғаны аңғарылды. Қойылған сауалдарға тиісті тұлғалар мен жауапты басшылар тарапынан заң аясында жан-жақты жауаптар берілді.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ   

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Нұржан Сәбитұлы ортаға салынған аналардың ой-ұсыныстарына құлақ түріп, бірқатар құжаттар төңірегінде түсінбеушіліктердің орын алып отырғанын жоққа шығармады. Ол бойынша үкіметке ұсыныс-хат жолданатын болды. Сондай-ақ, кездесуде көтерілген мәселелер төңірегінде арнайы комиссиясы жұмыс істеп, салдар мен себептер зерделеніп, қабылданатын шаралар назарда ұсталмақ.Өз сөзінде «Ақжүніс аналар кеңесінің жетекшісі Жанат Естаева аталмыш кездесуді өткізудегі негізгі мақсатының орындалғанын жеткізіп, көкейдегі көп сауалға нақты жауаптар алғанын, ол бойынша өзге де топ мүшелеріне түсіндіру шараларын жүргізетінін жеткізді.

Жанат ЕСТАЕВА   

«АҚЖҮНІС» АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Айта кетер жайт барын жасырып, атаулы көмекті алып қалуға дәмелі адамдарда жеткілікті. Көмекке шын мұқтаж жандардың жәрдеміне «табақтас» болуға тырыспау керектігі түсіндірілді. Көп балалы аналармен көктемгі кездесуде айтылған біраз мәселенің бүгінде шешімі табылғаны жасырын емес. Соның бірі қаладағы жатақхана мәселесі. Қазір құрылысы басталған баспана арнайы комиссия құрылып барар жері, басар тауы жоқ жандарға үлестірілетін болады. Бұл бағыттағы қолдау болашақтада жалғасатын болады.

Жиын соңын түйіндеген Нұржан Сәбитұлы жуырда ғана Жамбыл облысының әр аудан, әр ауласын аралап шыққан аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған қосалқы шаруашылықты қолдау жобасына тоқталды. Дәл осы бастама көптің әл ауқатын арттыратын баламасы жоқ бағдарлама десек болады. Өйткені тек айма ай берілетін 100 мың теңгемен шектелмей өз шаруашылығыңды тіктеуге мүмкіндік мол. Ал тірлігін тіктеуге тұсау болған қаржы мәселесін әкімдік өз мойнына алып отыр.