Әулиеатаның 80 жылдығана орай бүгінде түрлі іс-шаралар легі көптеп өткізілуде. Айтулы мерекеден аудандар да қалыс қалмақ емес. Кезектесіп шаһар тұрғындарына көңіл — күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламаларын әзірлеуде. Бұл жолғы кезек өңірдің ең шалғай орналасқан құмды аймағында.

«Жамбылым қандай тамаша!» мерекелік концерті  келген  жұртшылықты жадыратты. Өңірдің 80 жылдығына орай түрлі іс-шаралар легі осылайша жалғасты. Жиналған көрерменнің де қарасы қалың. Кешқұрым саябаққа серуендеп, бір мезет тынығуды мақсат еткен тұрғындардың көңіл күйі де көтеріңкі. Ал, кешке арнайы шақыртылған өнерпаздар  әннен шашу шашып, сахнадан сазды сәлемдерін  жолдады.

Сондай-ақ сәні мен салтанаты келіскен шарада мол ырыстың мекеніндегі жас таланттар да бой көрсетті. Қасиетті қара домбыраның үнімен түрлі күйлерді тарту етті. Айта кетейік, бүгінде мұндай шаралар «Жеңіс» саябағында әр аптаның жұма күндері өткізіледі.  Естеріңізде болса өткен аптада Жуалы ауданының таланттары өнер көрсеткен еді.