Кезіндегі асық, ақсүйек  сықылды ойындардың бүгінде мәртебесі биік болғанымен тәмсіл боп қалып жатқаны рас. Кейбір сарындары болмаса, қазіргінің балалары бұл ойындарға аса бейімдік танытпайды. Өйткені қазір технология заманы.  Есесіне бүгінде желілік ойындардың даму қарқыны артты. Таразда өткен киберспорт турнирі соның бір дәлелі іспеттес.

Киберспорт- компьютер ойындарынан өтетін топтықсайыс. Ол 1997 жылы пайда болған. Ал, ең алғаш бұл қызығушылықты спорт түрі деп таныған көршілес Ресей мемлекеті. Біздің ел былтырдан бері  спорт ойындарының тізіміне енгізді. Қазірде ел жастарының желілік ойындарға қызығушылығы артқан. Сол себептен  де турнирлер көбейді дейді ұйымдастырушылар.

«GALAXY ARENA» ойын клубында өткен сайысқа 200 жасөспірім қатысып, 40 командаға бөлініп Кейсго ойын түрінен  жарысты.

Диас МЕЙІРМАНОВ КИБЕРСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Артур Лигосаев. Киберспортпен айналысып жүргеніне 1 жылға жуық уақыт болды. Алғашында бұл ойынға қызығушылық танытпаған. «Алайда бір ойнап бастаған соң, ықылас ауа бастайды дейді. Бүгінде біраз тәжірибе жинап үлгерген. Енді өзін сынамаққа осы турнирге қатысып отыр.

Артур ЛИГОСАЕВ ҚАТЫСУШЫ

Желілік ойындарға13 жастан жоғары жасөспірімдер қатысты. Топтық сындар  командамен  жұмыс жасауды үйретеді. Сондай-ақ, ой-өрісін дамытуға да сеп болмақ. Айта кету керек, жарыс жеңімпаздарына 1- аптадан 3 аптаға дейін тегін ойнау мүмкіндігі берілді.