Тараздың тарихи нысандарын аралап, танысуға таптырмас мүмкіндік. Өйткені  аймақта 2 туристік автобус тұрындар үшін тегін қызмет етеді. 

Алғаш рет іске асып отырған тың жоба облыстық туризм басқармасының бастамасы.  Яғни,  енді 5 ай бойы туристік автобус халыққа қызмет көрсетеді. Экскурсиялық автобустар облыстағы мектеп оқушылары мен студенттерді тарихи нысандарға тегін тасымақ. Айта кетейік,  демалыс күндері  тарихи мәдени ескерткіштерге сапар 2 бағыт бойынша жүргізіледі. Тараздың тарихымен танысамын дегендерге гидтер тың мәліметтермен бөлісетін   болады. Ал тарихи маңызы бар ғимараттарға кіру қала тұрғындары мен қонақтары үшін ақылы. Өз кезегінде, көпбалалы, жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға  нысандарға кіру ақысыз болып отыр.