Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрі Бердібек Сапарбаев өңірімізге  жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында министр бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аймақтағы атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысын бақылады. Жалпы, Жамбыл облысында  жәрдемақыны тағайындауда кем-кетіктер бар ма? Министр не дейді?   

Бердібек Сапарбаев әуелі жұмыспен қамту орталығына барды. Мұнда министр атаулы әлеуметтік  көмектің берілу барысын көзбен көріп, мамандардың  жұмысын бақылады.  Жалпы, қазір қала бойынша 10 625 азамат жәрдемақыға өтініш беріпті. Ал оның 6848-і атаулы әлеуметтік көмекті алып үлгерген. Өз кезігінде, Бердібек Машбекұлы комиссия мүшелері жұмыстарына немкеттілікпен қарамау қажеттігін ескертті. Өйткені, еліміз бойынша 2000 мыңға жуық азамат мемлекет жәрдемақысын заңсыз алып келген.   Сондықтан  министр әр іске жауапкершілікпен қарау керектігін баса айтты. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтармен тілдесіп, сауалдарына жауап берді.

Бердібек САПАРБАЕВ  /  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ  МИНИСТРІ

Сондай-ақ, Бердібек Машбекұлы «Barbershop» сұлулық салонына бас сұқты. Салон жетекшісі Аида Батырбекова өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 5 миллион теңге шағын несие алып, өз кәсібін ашқан. Бүгінде ол алты адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ерлерге арналған сұлулық салонында тұрғындарға шаш үлгілерін жасау, қырқу секілді қызметтер көрсетіледі. Бердібек Сапарбаев кәсібін ашып, тірлігін тіктеймін деушілерге мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қолдаулар жасалатынын атап өтті.  Аида Батырбекова болса,  мемлекет тағы мүмкіндік берсе, ісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал алған несиемнің  пайызы да, көлемі де қолжетімді  дейді, — жеке кәсіпкер.

Аида БАТЫРБЕКОВА  /  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Министр Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары облыс әкімдігінде өткен жиында қорытындыланды. Онда өңір басшысының міндетін атқарушы Нұржан Кәлендеров  атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Бүгінде  облыс бойынша, 162 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Бұл орайда, 21,2 млрд  теңге республикалық бюджеттен қарастырылған. Бұдан бөлек,  облыста көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жатақханамен қамту ісі де қолға алынып отыр. Ал министр әлеуметтік көмек бойынша облыста атқарылған  жұмыстар жүйелі екенін атап өтті.  Сондықтан қаржыны тиімді пайдаланып, жұмысты одан әрі ширатуды тапсырды.

Бердібек САПАРБАЕВ  /  ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ  МИНИСТРІ

Жиын қорытындысы бойынша Бердібек Машбекұлы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.  Өз кезегінде, халықтың жалықы және  жұмыспен қамтуды бірінші кезекке қою керектігін жеткізді. Мұнан соң, министр Т. Рысқұлов ауданына іс-сапарға жолға шықты.

 Аят Асқарбекұлы, Санат Аралбек, Нұрбол Қыстаубек, «77news»