Бүгің таңертең Жамбыл даңғылы бойында «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде 58 жастағы әйел кісі оқиға орнында  көз жұмды.

Қазіргі таңда кінәлі азамат анықталып, ұсталды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізіп,  тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес  сотқа дейінгі тергеу басталып,  іс Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

27-06-2019_11-23-08