Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Кеше ғана депуттаттар алдында есеп берген Қайрат Досаев бүгін 6 айдың қорытындысын брифингте мәлімдеді. Жалпы осы жылы қала бюджеті 71 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға жоғары. Сондай-ақ, өзге де әлеуметтік мәселелер мен халықты алаңдатқан жайтты шаһар басшысы тілге тиек етті.

Брифинг барысында сөз болған басты мәселе – қаладағы құрылыс жұмыстары. Осы жылдың соңғы алты айында бұл бағытқа 15 млрд теңге қаржы жұмсалған.  Өткен жылдан өтпелі «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы толығымен аяқталса, ал биыл «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру, арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру жұмыстары аяқталуы керек.

Қайрат ДОСАЕВ / ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұдан басқа, қызыл сызық ережесін бұзып, құрылыс жүргізген 26 нысан анықталып, оның ішінде 5 нысан бойынша құжаттар сот қарауына өткізілген.  Сондай-ақ жол құрылысы атап өтілді. Дәл қазір шаһар бойынша ұзындығы 1531 шақырымды құрайтын 1330 көше анықталды. Бүгінде қалада коммуналдық мекемелермен газ және су құбырларын жүргізу барысында бүлінген жолдар жөнделіп жатыр.

Қайрат ДОСАЕВ / ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алдағы жоспар бойынша, қаламызда жаяужүргіншілер  аймағы мен аллеясы, «Мамыр» саябағын абаттандыру мен «Көне Тараз» кешенінің маңында биіктігі 35 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.