Фото:Tengrinews

Осы жылы қоғамымызда өзекті болған атаулы әлеуметтік көмек беру әлі де жалғасып жатыр. Облысымыз бойынша 38 мыңға жуық отбасы жәрдемақы алуға өтініш берген екен. Дегенмен, мемлекет баршасын бірдей жарылқай бермейді. Себеп – табысын жасырып, заңсыз жолмен артық ақша алғысы келетіндер көп.

5 баланың анасы Әлекеева Ажар таңертең келіп, кешке  дейін осы дүкеннің еденін сыпырады. Ең кішкентайлары Ғаділ мен Нұрәділі  үнемі жанында, ал мектеп жасындағы үлкендері жақын маңда жүгері сатады. Жұбайы – науқас, алатын айлық бір үйлі жанның азығынан артылмайды. Бұл — қаламыздағы атаулы көмек алатын отбасылардың орташа портреті. Құжаттарын жинап, тізімге ілінгендеріне қуанады. Күнкөріс үшін күнелткендерге әлеуметтік көмек аз да болса сеп.

Ажар ӘЛЕКЕЕВА / ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жамбыл облысы бойынша 32065  отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Орта есеппен әр отбасы 70-80 мың теңге көлемінде ақша алады.Атап өтерлігі, жәрдемақы алу үшін жиналатын құжаттар тізімі мен табыс көзі де азайтылған.

Тимуржан НҰРЫМБЕТОВ / ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Көмек керек жерге барса игі. Ауласында қос көлігі болса да, үкіметтің аз ақшасына елеңдейтіндер де бар. Бүгінде 1 млн-нан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде 2 мыңға жуық қазақстандық жәрдемақыны заңсыз алған екен. Екі қабатты үйі  мен дүкені бар алматылықтар жұмыссыз болып, жәрдемақы сұраса, Шымкенттегілер тіпті  ажырасуға дейін көшкен. Құзырлы органдардың мәліметінше, қазір мемлеттік  көмекті заңсыз алғандарды анықтау бойынша комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше ғана қаламызға іс-сапармен келген Бердібек Сапарбаев осы туралы ерекше атап өткен еді.

Бердібек САПАРБАЕВ  / ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ  МИНИСТРІ

Ажардың үлкен қызы биыл медициналық колледжге түсуге құжат дайындап жатыр. Грантқа ілінбесе, атаулы көмек әлбетте қызымның оқуына жұмсалады дейді ол. Көпбалалы отбасының еңдігі бір тілегі – баспаналы болу. Кезекке тұрған, енді қүту қалды. Жәрдемақыға іліндірген билік енді баспанасыз да қалдырмаса екен дейді қала тұрғыны.