Фото:Қазақ үні

Биыл Қазақстандағы талапкерлерге  тегін білім алуы үшін 50 мың 985 грант бөлінген. Әсіресе, техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беріліп, гранттар молынан қарастырылып отыр. Жалпы,  аймақта жас түлектер арасында  техникалық мамандыққа деген сұраныс бар ма? Жоғары оқу орындарына бұл тұрғыда өтініш келіп түскен бе? Әріптесім Аят Асқарбекұлы толығырақ әңгімелеп берсін.

Жалпы биыл техникалық бағытта талапкерлердің білім алуы үшін 5000 мың грант мемлекет есебінен  бөлініп отыр.Яғни, студенттер  аймақтағы жоғарғы оқу орындарында  тегін білім алып,  маман болып қалыптасып шығады. Бірақ бұл жеңілдікке көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздары ие бола алады.  Жеңілдік тек облыстағы 460  талапкерге бұйырғалы отыр.

Әбілхан САДЫБАЕВ  /   ТАРМУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еліміз бойынша, педагогикалық ғылымдарға  — 8276, әлеуметтік ғылымдарға — 960, жаратылыстану ғылымдарына — 4088  грант  мемлекет есебінен бөлініп отыр. Бұдан бөлек, шетелдегі қандастарымызға 2450  грант бөлініп отыр. Ал бұл гранттардың әзірге қаншасы жамбыл облысына бөлінетіні  белгісіз. Ал комиссия мүшелерінің айтуынша, техникалық бағытта білім алуға ынталы талапкерлер көптеп келіп жатқан көрінеді.  Өз кезегінде, мамандар талапкерлерге сапалы білім берумен қатар, келешекте жұмыс қамтуды да назардан шығармаған.

Бақытгүл  МАСАЛИМОВА /  ТАРМУ «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Бұдан бөлек, студенттерді жатақханамен қамту ісі де маңызды. Бұл орайда, облысымыздағы жоғарғы оқу орындарының барлығында дерлік жатақхана бар.   Ал грант иегерлерінің тізімі тамыз айында белгілі болып, талапкерлер оқу орындарына  жолдама алады. Сондай-ақ, ақылы негізде білім алатын жастар құжаттарын қабылдау комиссиясына жаздың соңына дейін тапсырса болады.

 Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір «77news»