34 жастағы  Эльвира Қожагелдиева үш ер баланы дүниеге әкеліп,  көпбалалы ана атанып отыр. Нәрестелерін бауырына алған келіншектің қуанышында шек жоқ. Жақсылыққа ортақтасып қайтқан тілшіміз Аят Асқарбекұлы   толығырақ айтып берсін.

 Ислам, Марғұлан, Аслан.  Таразда дүние есігін ашқан үшемге осындай ат берілді. Үш ұлдың жағдайы қалыпты, анасы да қазір өзін жақсы сезінеді.  Осылайша, 1 ұл 2 қыздың анасы Эльвира  тағы үшем босанып, көпбалалы ана атанды. Бақыттан басы айналған 34 жастағы келіншек 3 перзент боларын о баста білмепті. Отағасы болса, дүниеге келген  үш перзентін басына қонған бақ деп санайды. Ал көпбалалы ана алла берсе, мұнымен шектелгісі келмейді. Бұдан бөлек, батыр ана мемлекет үй берсе деген тілегін де жеткізді.

Периниталдық орталықта биылғы  жылға алғаш  рет егіздер дүниеге келіп отыр.  Ал дәрігерлер  үшемнің өмірін сақтап қалу үшін  кесер тілігі операциясына жүгініпті. Алғашында шала туған нәрестелер дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болыпты. Ал бүгін үшемдердің  дүние есігін ашқанына 7  күн болып отыр.

 Эльвира ҚОЖАГЕЛДИЕВА /  ҮШЕМНІҢ АНАСЫ

Облыстық перениталдық орталықта бүгінге дейін, 3000 мыңнан аса сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып отыр. Ал сөзімізге дәлел, бүгінгі үшемнің дүниеге келуі. Өз кезегінде, ақ халатты абзал жандар нәрестелердің өмірін сақтап қалуы үшін барымызды саламыз деп отыр.

СНХ: Айгүл АЙТБАЕВА / ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Көпбалалы ананың ендігі тілегі —  баспаналы болу.  Арманы орындалса, батыр ана Қазақстанның демографиясының  одан әрі өсуіне үлес қоспақ ниетте. Ал жауапты сала мамандары  үшемді дүниеге әкелген ананың тұлмыстық тліегін назардан  тыс шығармаса игі.

 Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір, Нұрбол Қыстаубек, «77news»