Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын суда шомылғанда сақ болуға шақырады. Өйткені, облысымызда шомылу маусымы басталысымен 17 адам суға кетіп отыр. Оның 10 бала. Ал қайғылы жағдайлардың басым бөлігі бүлдіршіндерін қараусыз қалдыру және суға мас күйінде түсу себептерінен болған. Сондықтан  мамандар рейдтік жұмыстарды үздіксіз жүргізуді қолға алған. Ал күні кеше жекеменшік бассейндерге бас сұғып, демалушыларға жадынамалар  таратылды.  Әріптесім Аят Асқарбекұлы әрмен қарай айтып берсін.

Судағы әрбір минут қайғы алып келуі мүмкін, сондықтанда қауіпсіздік туралы ұмытпау қажет. Ал  төтеншеліктер  күнделікті  оқыс оқиғанын алдын алу бойынша рейдтер жүргізіп, суайдындарында шомылу ережелерін сақтамаудың неге алып келетіндігін еске салуда. Бассейндерге рейд барысында судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсетудің жолдары  демалушыларға көрсетілді. Әсіресе, жеткіншектер зейін қойып,  өздері жасанды маникенге демалдырудың әдістерін жасап көрді.

Қайрат ОРАЗБАЕВ / ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

 Расында, биыл тіркелген оқыс оқиғалар, өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан.  Сондықтан төтеншеліктер аса сақ болуды ескертеді.

Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір, Нұрбол Қыстаубек, «77news»