Фото:ruinformer.

Қайырымдылық қанымызда бар қасиет. Жұртшылықты жұбатып, жылу сыйлаған  жандар өңірде аз емес.  Мәселен бүгін шаһарда өзіне емес,өзгеге бақыт сыйлаған жомарт жандар марапатталды. Оларға сый-құрмет көрсетіліп, үлгі болар істері көпшілікке баяндалды.

«Жомарт жүрек». Бұл – қоғамдағы қандай да болмасын ізгілікті істен  қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға берген  биліктің бағасы.Бүгінгі іс-шараның маңыздылығы сол, табысты азаматтар мен  қайрымды меценаттар берекелі іс арқылы көпшілікке үндеу тастайды. Көпбалалы отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар бізде жетерләк. Солардың бірі Бақберген Мәуленов. Есімі елге таныс азамат әрмен қарай да игі істен қалыс қалпаспын деп отыр.

Бақберген МӘУЛЕНОВ    «ТАРАЗЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Сондай-ақ салтанатты жиында бірқатар азамат «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Оларға «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», және «Ерен еріктілік» аталымы бойынша қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Ал салтанатты шара соңы әдеттегідей конерттік бағдарламаға ұласты.

Дархан Бақытбек, Санат Аралбек «77 ньюс»