Жексенбіде Жамбылдықтар «Жастар» аллеясына жиналып,  көрікті көліктердің көрмесін тамашалады. Саябақта ең сәнді теміртұлпарлардың топтамасы қаз-қатар тізбектеліп тұрды. Тіпті атышулы «Бригада» сериалындағы көліктерде бұл көрмеден табылды. Ұйымдастырушылар қала берді  сонау соғыстан бері сары майша сақталған автокөліктерді  мұнда әкелген.  Шараға мұрындық болған – «Джип клуб Тараз» және облыс әкімдігі. Көркі көз тартар көліктердің көрмесі жайлы келесі сюжетте.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, фестивальге 50-ге жуық темір тұлпар қатысқан. Араларында  әйгілі «Бригада» сериалында бой көрсеткен Газ 21 Волга, Lincoln Town Car автокөліктері да бар. Сондай-ақ қалың жұртшылық назарына екінші дүниежүзілік соғыстың көзін көрген көліктер де таныстырылды. Соның бірі Ford GPW автокөлігін иесі көрмеге эвакуатормен әкелген.  Күн көзіне шағылысқан мерседес пен автоәуесқойлардың қызығушылығын тудырған бмв-ні де дәл осы жерден таптық.

Евгений ДУЮНОВ

«ДЖИП КЛУБ ТАРАЗ» ҚАТЫСУШЫСЫ

Әр көліктің өз тарихы бар, көрмеге келмес бұрын сан түрлі сынақтан өткен. Мына көлік отбасылық тарихтың куәсі. 1985 жылы шығарылған Ауди 80 иесіне әкесінен мұра ретінде қалған. Асқар Аққаевтың сөзінше, автокөлікті сатқысы келмеген. Әкемнен қалған көзді өзгеге қимадым дейді ол. Ескі көлікке жаңа өмір беру үшін қаржысын ғана емес, бойдағы   күш қуатында жұмсаған.

Асқар АҚҚАЕВ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жасалғанына жарты ғасыр өткен көліктерге тек автоколлекционерлер ғана емес,  қала тұрғындары да таң-тамаша қалысты. Жиналғандар автоаңыздардың жанында суретке түсіп те үлгерді. Олар төрт доңғалақты тұлпарлардың көрмесін енді алдағы уақытта жиі көрсек дейді.

Суреттер «Джип Клуб Тараздың»  әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Ақсәуле ӘБітай, Нұрғали Сабитов. Әбді Азизхан 77ньюс