Бармақ басу, көз қысу дерегін болдырмау мақсатында Таразда жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады. Игі бастама жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен  «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты. Іс-шараның мақсаты — парақорлық дерегін жою және істі қоғамдық қозғалысқа ендіру.

Семинар-тренингке аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жастар қатысты. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және онымен күресудің тиімді жолдарын талқылап, өзара ой бөлісті.

Ольга ШИЯН     «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN»  ДИРЕКТОРЫ

Біз бүгін Тараз қаласына жаздық жемқорлыққа қарсы мектептің ашылуына келдік. Ерекше бастама деп айта аламын. Өйткені мамандар еліміздің әр өңірін аралап, барлық тиісті тұлғаларға сабақ өткізеді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, аудандар мен елдімекендердің әкімдері, белсенді жастар қатысып отыр. Мұнда жемқорлыққа қарсы кұрестегі халықаралық тәжірибесі, елімізде оны жою жолдары талқыланды.

 Ұйымдастырушылардың пікірінше, осындай оқу семинарлар барлық мемлекеттік органдарда парақорлық дерегінің алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, шенеуніктер жемқорлық фактісін болдырмау мақсатында бірге жұмыс жасап, ойларымен бөлісуі де маңызды дейді.  Оқыту барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрестегі халықаралық тәжірибесі, елімізде оны жою үшін пайдалануға болатын стратегиялар туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, адалдық пен парасаттылық қағидалары айтылды.

Ерлен БАДЫХАН    ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ

Біз бүгін Тараз қаласына келдік. Алдағы уақытта барлық қалаларға бару жоспарда. 6 тамыз күні Қарағынды қаласында жабылуы өтеді.  Жемқорлыққа қарсы бірігіп күресу керектігін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар өз жемісін береді деп ойлаймын.

Іс-шара соңында қатысушылардың көкейіндегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде оқығанын туралы сертификат табысталды.

П. Қуатқызы, А. Әбді 77 ньюс.