Фото:primeminister.kz

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқан  #Birge #TazaQazaqstan атты экологиялық акциядан жамбылдықтар да шет қалған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлер бастап көпшілік қостап айналаның тазалығын арттыруға ат салысты.

Айта кетейік, сенбілікке облыс көлемінде 13 470 адам  жұмысқа жұмылдырылып, 146 арнайы техника  көмекке тартылды.  Әр мекеме өздеріне тиесілі аймақтарды тазартып, қала көркін қайта қалпына келтірді. Бұл күні әкімдік қызметкерлері де  Тектұрмас кесенесі маңындағы Талас жағалауында болып, тазарту жұмыстарына үлес қосты.

Нұржан КӘЛЕНДЕРОВ   ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 Әкімдік және басқарма қызметкерлері, түрлі коммуналдық кәсіпорын өкілдері акцияға ат салысты. Осылайша ақ жағалылар  да қара жұмыстың көрігін қыздырды.

Ағабек МЫРЗАБЕКОВ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік  100 ден аса қызметкер және 6 арнайы техника тартылды. Олар шаһардағы Қыпшақбаев көшесінен, Сейфулин көшесіне дейін орналасқан «Қарасу 2» каналына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мақұлбек НАУРЫЗБАЕВ ҚЫЗМЕТКЕР

Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымшыл ұжымы Байзақ ауданына қарасты Сарыбалдақ және Юбилейная көлін қоқыстан тазартты.Облыс бойынша 10 мыңға жуық адам ат салысқан іс шараның нәтижесінде шамамен 20 тоннадай қоқыс жиналған. Айта кетейік, бұл акция ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бастамасымен қолға алынған болатын.

Жалпы сенбілік күні 844 тонна күл-қоқыс тазартылып, арнайы орындарға шығарылды. Ал, мұндай шаралар қолдау тапса, алдағы уақытта жалғасын табатын болады.