Фото:Егемен Қазақстан

Өңірде  нан бағасы қымбаттады. 26 шілдеден бастап аймақта 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 70 теңгеден 75 теңгеге өсіп отыр. Ал, құны көтерілген ас атасының бағасы енді тұрақталып қала ма? Тұтынушы тарап не дейді?

Еске сала кетейік, бұған дейін нан бағасы ақпан айында көтерілген болатын. Енді араға аз уақыт салып баға  қайта  өзгеруде.  Оған солтүстіктегі бидай бағасының 55 теңгеден 75 теңгеге, 1 сұрыпты ұнның 68-ден 98 теңгеге қымбаттауы әсер еткен. Ал, қазірдің өзінде облыстағы нанның орташа бағасы 73 теңге көлемінде. Республикалық орташа көрсеткіш 83 теңгені көрсетіп тұр.  Бұл басқа аймақтармен салыстырғанда едәуір төмен.

Марс СЕЙДІБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Облыс орталығы мен оған жақын жатқан аудандардағы нан бағасы 5 теңгеге  дейін ғана көтеріледі. Осылайша максималды құны 75 теңге болмақ. Ал, аймақта астық ору  науқаны басталғанымен, нан бағасы көтеріледі деп ешкім ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласында 8 наубайхана бар. Олар күнделікті 104 мың бөлке нан өндіреді. Нан бағасы дүкендерде 75 теңге болғанымен, тұрақтандыру қорының көмегімен әлеуметтік дүңгіршектер, коммуналдық базарлар мен ірі сауда орындары арқылы төмен бағамен сатылатын болады