Биыл аймақтағы 11 мыңнан аса жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың  төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды.  Бұдан бөлек, жамбылдық жастарға қандай мүмкіндіктер  қарастырылып отыр? Кәсіп бастаймын деген жаңа буынға мемлекет тарапынан қолдау бар ма?  Толығырақ кеңеске қатысып қайтқан әріптесім айтып берсін.

Жалпы, Жамбыл облысында  239 мың 151 жас бар. Яғни,  бұл облыс халқының 21,2 пайызын құрайды.  Өз кезегінде,  оларды жұмыспен қамту үшін аймақта бірқатар шаралар қолға алынған.  Нәтижесінде, 6 айдың ішінде  6758 жас  тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Әлі жылдың соңына дейін 4 мыңнан аса жасты жұмысқа тарту жоспары тұр.  Бұдан бөлек, жастарды кәсіпкерлікке баулуда бірқатар  ілкімді жобалар қолға алынған.  Мәселен, кәсіп бастап, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 324 млн.теңге бюджеттен қаралыпты.  3 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант  жастарға тірлігін тіктеп,  бизнес жолында қалыптасуына сеп болмақ.

Бауыржан МУРБЕКОВ   / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ

/00011/04:07-04:46/…жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында кәсіпкерлер палатасымен белсенді жұмыстар бүгінгі таңда жүргізілуде. Мысал ретінде айтатын болсақ, 437 жас «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында өздерінің қысқа мерзімді курстардан өтіп, 230,8 млн теңге көлемінде 50 жас микро кредитке қол жеткізді. Үстіміздегі жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Жас кәсіпкер» жобасы аясында тұрақты жұмыс орны жоқ жастар үшін 1 айлық курс басталды…/

Бұдан бөлек,  облыста  волонтерлық  қозғалысы да  белсенді.  Биыл еріктілер  қайырымдылыққа, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созуда бірлесе еңбек еткен. Сонымен қатар, «Қамқор» қайырымдылық жобасы аясында 250 мыңға жуық отбасылардың үй-үйін аралап, әлеуметтік сауалнамалар толтырған. Арыс қаласында болған оқыс оқиғада да жамбылдық еріктілер  барынша көмек көрсетті. Өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары жұмыстардың жүйелі атқарылғанын атап өтті. Бірақ әлеуметтік желілерде ақпараттандыруға келгенде жұмыстардың баяу екенін сынға алды.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА   /  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кеңес барысында жастар ресурстық орталықтарының жұмыс жайы да талқыланды. Мамандардың сөзінше, орталықтарды ғимараттармен қамту өзекті мәселенің бірі болып отыр. Мәселен, Т.Рысқұлов, Байзақ, Мойынқұм, Сарысу аудандарындағы жастармен жұмыс істейтін мекемелер  ғимараттарын жалға алып отыр.  Жиын барсында сөз алған азаматтар бұл мәселені көп ұзатпай шешу қажет екенін тілге тиек етті. Ал аудан әкімдері болса, бұл түйіткілді шешу үшін жұмыстар атқарылатынын айтады. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова жауапты сала мамандарына нақты тапсырма беріп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Аят Асқарбекұлы, Санат Аралбек, Нұрбол Қыстаубек, «77news»