Фото: Сұрақ Жауап

Қытымыр қыстың ызғарынан құтылған қараша асыға күтетін күндердің бірі-  «Көрісу» мерекесі. Бағзыдан бері келе жатқан мерекені бүгінде батыс жұртшылығы жақсы біледі. Алайда атап өтетін аймақтар қатары аз. Мұқым елге жақын мереке бұдан былай ресми мейрамдардың қатарына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгінгі қоғам өкілдерінің бас қосуында айтылды.

Премьер-министр А. Мамин жақында ғана «Көрісу» дәстүрін  күнтізбеге енгізу жайын қозғаған еді. Тіпті түрлі қоғамдастық пен азаматтық қоғам өкілдеріне талқылауға да ұсыныс жасады. Жер-жерде жұртшылыққа жеткізілген бастамадан бүгінде жамбылдықтарда қалыс қалмауда. Жиынға қатысушылар ұлттық мерекенің өскелең ұрпаққа ұлықталуын саралады. Амандық саулық сұрасатын күннің қазақ тарихындағы алар орнын айшықтады. Бірі бұл мерекенің ресми аталып өткенін қаласа, енді бірі көктемгі мерекелердің көптігін сөз етті.

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ                  ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Жиынға қатысушылар бұл жайында жан-жақты сөз қылды. Ғасырдан  ғасырға жалғасқан мерекенің келешекке де қажеттілігі  тілге тиек етілді. Себебі бұл күннің ынтымақпен ұйымшылдыққа бірлік пен берекеге бастайтыны хақ.

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Келелі кеңес соңында келген қонақтар бұл тақырып әрмен қарай да көтерілетінін жеткізді.  Мақұлданған жағдайда «Көрісу» күнінің «Қауышу»  болып өзгеруі де бек мүмкін.

Дархан Бақытбек , Санат Аралбек «77 ньюс»