Әлеует арттыруда қазір экономикалық жүйеде қос ұғым бар. Әуелгісі инвестор кейінгісі инвестиция. Сусыған сабындай ұстата бермейді олар. Десе де қызықтырып, алыс-беріс орнатса, өндіріс өркендейді. Қызмет орны көбейеді. Мәселен жыл басынан бері аймаққа құны 16 млрд теңгені  бірқатар инвестициялық жоба тартылған. Десе де инвестициялық ахуал тіктелгенмен, кәсіпкерлік саласында күрмеуі қиын келеңсіздіктер әлі де баршылық. Бүгін осы жайында бизнес өкілдерінің кездесуінде азды-көп айтылды. Ақсәуле Әбітай әрмен қарай айтады.

Шағын және орта бизнестегі өзекті мәселенің бірі  – газ беру ісі. Жиынға жиналған кәсіпкерлердің сөзінше, көгілдір отынға жауапты «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесімен арадағы келісім-шарт олар үшін тиімді емес. Газды толық тұтынбай  100 пайыз алдын-ала төлем жасауға, келісімнен асқан үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр екен. Қолда бар ақшаны айналымға салатын кәсіпкерлер үшін бұл қосымша шығын.

Альбина ВЕЙМЕР   «ЗОЛОТОЙ КАРАВАН»  ТУРФИРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

  «… Шағын және орта бизнес үшін бұл үлкен сома. Төленбеген газ үшін неге 100 пайыздық төлем жасауымыз керек. Әрбір кәсіпкердің артық ақшасы айналымға салынады. Әсіресе, туризм сферасында әрбір теңге есепке алынады…»

Дегенмен бұл мәселе де шешімін тауып үлгерді. Бүгінде «Атамекен» палатасының ұйытқысымен энергетика министрлігі арнайы шешім қабылдады. Енді шағын және орта кәсіп иелері жағылмаған көгілдір отын үшін алдын-ала 100 пайызтөлемжасауғатолық міндетті емес. Айыппұлдық санкциялар да кері шегерілетінболады. Айта кетерлігі бұл өзгеріс көгілдір отынды коммуналдық-тұрмыстық мақсатта пайдаланатын шағын және орта бизнес иелеріне қатысты.

Ирина КИМ   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«…Бүгінгі уақытта коммуналды – тұрмыстық және тұрмыстық қолданушылар үшін толығымен кері шегерілді. Енді тек жағылған көгілдір отын үшін ғана төленеді…»

 Жиын барысында бизнестегі жемқорлықпен күрес мәселесі де  назардан тыс қалмады. Кәсіпкерлер арасында жүргізген сауалнама бойынша, мемлекеттік ішкі аудит, агроөнер кәсіп кешеніндегі мемлекеттік инпекциясы, көліктік бақылау инспециясы және жергілікті бақылаушы органдар арасында сәулет-қала құрылысы, жер қатынастары салаларында жемқорлық жиі кездеседі екен. Осындайтексерулернәтижесінде, республика бойынша 21 мемлекеттікқызметші әкімшілік жауапкершілікке, 56  қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Осы арада сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің мамандары бизнес иелерін әрдайым шынайы және әділ іс жүргізуге шақырды.

Дәурен ОМАРОВ / МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС – ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

«…Жоғарыда айтылғандар негізінде жиынға қатысып отырғандардың көпшілігі бизнес қауымдастық өкілдері екендігін ескере отырып,өз кәсіптеріңізді заңды жүргізуді, ал мемлекеттік органдар тарапынан бөгет көрсетілсе департамент тарапынан қолдау көрсетуге дайын екендігімізді айтамын…»

Сөз соңында жиналғандар тарапынан бірқатар мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін әрдайым қорғауға дайын екендерін жеткізді.