Фото:Жайық Пресс

FlyArystan әуекомпаниясының Орал-Алматы бағыты бойынша қатынауды жоспарлаған КС7168 рейсі кешіктіріліп ұшырылды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  Оның себебі – рейске дайындық кезінде ауаны жіберуді бақылау жүйесінің қосымша тексерісінің қажеттілігі.

Рейс кешіктіріліп ұшады деген хабар келгеннен кейін, әуекомпанияның жер үсті қызметкерлері, жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сай сұрау салған жолаушылардың барлығына су мен жеңіл тағам, ал компанияға хабарласқан 50 адамды қонақ үйде орналастырды.

Әуекомпания инженерлері уақытты талап ететін бортты толық тексерістен өткізуді жөн көрді. Қажетті техникалық тексеріс өткізілгеннен кейін әуекеме жұмысын ойдағыдай жалғастырды.