Егін шаруашылығында жағымды жаңалық. Айтар болсақ, мамандар деградацияға ұшыраған топырақтарды тиімді пайдаланып, енді онда өнім өндірудің  тың тәсілін тауып отыр. Осылайша минералды тыңайтқыштар арқылы жерді құнарлы етпек. Тіпті олар бұл тәсілді жүгері өсіруде сынап, бақылап нәтижесіне көз жеткізген. Енді оны басқа шаруашылықтарға да қолдану мақсатында   Бесағаш тәжірибелік-өндірістік учаскесінде кезекті Танап күні өткізілді. Онда жиналған мамандар егін егудің жаңа жолын оңды-солын саралап сипаттап берді. Толығырақ тілшіміз Нұрлан Әбдікәрімнің материалында.

«Егін ексең ел тоқ». Әсілі бір тіркес өңірлік даму стратегиясының бір бағыты. Яғни егін шаруашылықтарын дамыту. Әрине, бұл жолда талай тапсырмалар да тындырылып жатқаны бар. Дегенмен қазіргі кезде егістік жерлердегі топырақтардың құнарлығы төмен түсіп кеткенінен шаруашылық жұмысы бәсеңдеген. Жоғары өнім алу үшін мамандар осы уақытқа дейін қанша айла-амалдарын іске асырса да  өнімді  тек құнарлы жерлерден көрген. Ал енді суарылса жарылып кететін топырақты минералды тыңайтқыштар арқылы қайта қалыпқа келтіру жолдары қаралуда. Бүгінгі өткен семинарға облыс әкімінің орынбасары да келіп, өнім өндірудің жаңа технологиясымен танысты.

Мұратхан ШҮКЕЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Иә, мынадай сортанды жерлерді  пайдаланып пайда көру жолы аса қатты қиындық тудырмайды дейді мамандар.

Нұрлан ӘБДІКӘРІМ  ТІЛШІ

Міне, мына 20 га жерге жүгері егілгенін көріп отырсыздар. Бірақ бол жерлер тұзды сортанды жер болып есептелетін. Алайда мамандар құнарсыз топырақты қайта жандандыру тәсілі арқылы міне мынадай өнім өндіріп отыр. Ал ол қандай тәсіл? Қазір Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Нұрлан Балғабаев мырзадан жауап алатын боламыз. Нұрлан мырза топырақты қайта жандандырудың тәсілі қандай?

Нұрлан БАЛҒАБАЕВ ҚАЗАҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

— Бұл топырақ тұзды сортаң топырақ болып есептеледі. Соның арқасында топырақтың суфистикалық агрофистикалық қасиеттері нашарлайды. Біздің ғалымдар фосфогипс енгізу нәтижесінде құнарлылықты арттыруды көздеп отыр. Фосфогипс 1 га  7,5 тонна,  амофос, амиасилитра енгіздік. Топырақтың тығыздығын су ұстау қабілеттерін арттырады.

-Бұл химиялық қоспалардың өнімге не топыраққа зияны жоқ па?

-Жоқ, ешқандай зияны жоқ.

-Иә, зиянсыз деген бұл жолды басқалар да қолдап отыр. Семинарға келген шаруалар енді  осы тәсіл арқылы өнім өндіріп көрмек.

Айта кетейік арзандатылған минералды  тыңайтқыштармен  қамтамасыз етуге ҚазАзот, Еврохим тағы басқа  серіктестіктер ниет білдіріп отыр. Тиісінше «Қазфосфат» ЖШС   аудандардағы егістік жерлерге фосфогипсті ендіру жоспарын да дайындаған. Алайда, қазірде  жоспардың 33,2 пайызы ғана орындалған. Төмендеу көрсеткіш болғанымен әлі көп шаруа жүгері өсірудің жаңа технологиясынан бейхабар деп отыр, мамандар. Ал, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев шаруаларға тағы бір ұтымды ұсынысын ұсынды.

 Берік НЫҒМАШЕВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

№00019 03:23-03:43 03:50-04:03

Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қытай бұршағын да дамыту  қолға алынуда. Шара барысында аталған дақыл алқабына да бардық. Айта кетейік,  соя өнімін Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандары егумен айналысады екен. Биыл  облыс бойынша жалпы  420 га соя  егіліпті. Иә, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін тыңайтқыштарды енгізу маңызды. Осыған орай жергілікті бюджет бүйірінен 1,0 млрд. теңге қаражат бөлінген. «Осылай егін шаруашылығындағы мәселелер азайып, тіпті құнарсыз топырақты да пайдаға асыру жолы табылды. Енді тек еңбек етіп, өнімді көбейту керек»,- дейді мамандар.

Нұрлан ӘБДІКӘРІМ, Әзизбек ӘБДІ«77 ньюс»