Шудағы шудың шығу себебі не? Естеріңізде болса, соңғы екі тәулікте желідегі жұрт Шуда болған оқыс оқиғаны жарыса жазып, талқылап жатыр. Ютуб желісіне салынған бейнеден жергілікті тұрғындардың полиция көлігін қоршап, наразы болғанын  байқауға болады. Бейресми мәліметке сүйенсек, тұрғындар  «жала жапты»  деген күдікпен, әлгі полиция көлігін жібергісі келмеген.  Бүгін Жамбыл облысының құзырлы органдары осы мәселеге қатысты арнайы түсініктеме берді.

Ресми органның сөзінше, бұл жағдай «Көкнар» жедел оперативті-іздестіру шарасы кезінде орын алған. Мәселе — Шулық 3 азаматтың есірткі ісіне қатысты тергеуге алынуынан басталыпты. 30 шілде күні шамамен 30-40 жас аралығындағы 3 азамат  нашақорлық бойынша қамауға алынған. Ресми мәлімет бойынша,  көпшілік арасында осы мәселеге қатысты түсініспеушілік орын алып, соңы үлкен наразылыққа ұласады. Бейнедегі «есірткі тасталды, жала жабылды» деген ақпаратты құзырлы орган өкілдері қазір жоққа шығарып отыр. Бүгінде күдікті деген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Шеруге жиналғандар әкімдік пен құзырлы қызмет өкілдері келіп, жағдайды түсіндірген соң ғана тарқайды.

Темірбек ОРАЗЫМБЕТОВ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ  БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ