Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту  — бүгінгі күннің басты талабы. Бұл өз кезегінде, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді. Бір жағы жұмыстың жүйеленуіне  мемлекеттік қызметкерлердің қосар үлесі орасан. Тек озық ойлы, істің көзін табатын  кадрлар мемлекеттік басқару жүйесіне  қажет. Ал күні кеше осы тақырыпта ел ағалары мен жастар, мемлекеттік қызметшілер бірге талқылған еді.  Толығырақ тілші тарқатсын.

Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Бұл бір жағы бүгінгі күннің талабы. Әсіресе,  қазір жұртшылыққа адал  қызмет ету мемқызметкердің негізгі міндеттерінің бірі.  Ал мамандар дерегіне сүйенсек,  6 айдың қорытындысы бойынша  аймақта 99 заң бұзушылық анықталып,  9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бірақ мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларын сақтамау деректері өткен жылға қарағанда екі есе азайғаны байқалады. Өз кезегінде, бұл келеңсіздіктерге жол бермеу үшін жиналған азаматтар ойларымен бөлісті.

 Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН   / ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

/…»Тараз қаласы жемқорлықтан таза қала бола ала ма?» деген сұрақ туады  мысалы. Осыны жасай аламыз ба? Ол үшін не істеу керек? Әрине, заң бар. Талап бар. Мемлекеттік қызметкер бар. Қоғамдық бақылау болу керек. Қоғамдық бақылау күшті болатын болса, қатаң болатын болса, онда жемқорлық болмас еді…/

 Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ     / «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

/…менің ойымша, қоғамда образды өзгерту керек деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің нағыз образын басқаша көрсету керек деп ойлаймын…/     /03:07-03:18/…мемлекеттік қызметші таңертеңнен бастап, кешке дейін жұмыс істейтін, халыққа жұмыс істейтін, материалдық жағдайға қарамай. Менің ойымша солай, образ қалыптастыру керек деп ойлаймын…/

 Сондай-ақ, қазіргі таңда аймақта мемлекеттік басқаруды жаңа деңгейге шығару мақсатында жұмыстар қолға алынған. Өйткені, алда Мемлекет басшысы жүктеген «Президенттік кадр резервін» қалыптастыру міндеті тұр. Яғни, жаңа формациядағы басшыларды дайындауды  агенттік қолға алып отыр.  Бұдан бөлек,  мемлекеттік қызмет сапасын арттыруда жаңа жобаларға басымдық  берілген.  Мәселен, жарты жылдың ішінде департамент Меркі, Шу және Тараз қаласынан сервистік орталықтар ашты. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілердің жан-жақты болуы үшін оқыту курстары да қолға алынған. Бұл тұрғыда 1459 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірген.

 Равиль ТӨЛЕБАЕВ   / МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

/...мемлекеттік қызметтің қызығушылығын арттыратын мәселенің бірі  бұл мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеру, және оның біліктілігін жоғарлату. Яғни, ол да қолға алынған. Мемлекеттік басқару академиясының жанында оқыту процестері мүлдем өзгерген.  Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметшіге керек барлық дағдылар, олардың каммуникативті дағдылары болсын немесе әлеуметтік желілердегі дағдылары болсын осының бәрін академия қабырғасында үйретеді…/

Жиын қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің   басшысы алда жүйелі жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Сондықтан жиналған азаматтарды әрбір іске белсенділік танытып, үлес қосуға шақырды.

Аят Асқарбекұлы, Санат Аралбек, «77news»