Шаруашылықтағы мамандар әулиеаталық ауыл әлеуметіне  «аулаларына лимон ағашын өсіру керек екендігін» ұсынып отыр. Өйткені ауыл шаруашылыдағы табыс көзі аталған лимонның әр талы кемі 100кг өнім береді екен. Суыққа төзімді әрі аса шығынды талап етпейді дейді мамандар. Есесіне өңіріміз қосалқы шаруашылықты дамытуды қолға алған шақ.Осы мақсатта бұл жолы «аса» ауылы тұрғындарының игілігі мол жемісті өсіруге   икемділіктерін арттыру үшін Түркістан және Өзбекстан республикасынан  мамандар келіп тәжірибелік семинар өткізді. 

Серғазы Бекмұрат Түркістан облысынан келген шаруа. Лимонмен айналысқанына 20 жылдан асқан. Бүгінде бұл – бақ шаруасының бағытын беске білетіндердің қатарында. Енді ол көрші облыстың тұрғындарына лимон өсіруде  көмек бермек.Осы мақсатта өңірге арнайы келіп тәжірибесімен бөлісті. Айтуынша -9 градус суыққа шыдамды лимонның әр талы 100кг өнім береді.  Тек ол бақты баппен бақылау керек дейді. Әрине жылыжай дайындап, қажетті минералды тыңайтқыштарды уақытылы беріп тұрса жеткілікті.

Серғазы БЕКМҰРАТ ШАРУА

Айта кетейік, лимонның екі жарым жылдық талын ексеңіз 3 жылдан кейін өнім бере бастайды, және жыл сайын өнімі көбейеді екен. Ал, жалпы  5га жерге шамамен 3,5-4 млн қаражат қажет екен.Бұл түйін де тарқатылардай. Өйткені түрлі осындай дайын бизнес модельдерін халыққа ұсынып жүрген «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы лимон шаруашылығына бет бұрамын дегендерге тиімді несие беруді қарастырған.

Айдар ӘБДІҚАДЫРОВ/ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ  КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

­Өздеріңіз білетіндей облыс әкімі қосалқы шаруашылықты дамытуды қолға алған.Біз білеміз ауылдағы әр тұрғынның үйінде кемінде шамамен 10 соттық жер бар. Бүгінде 6 мыңға жуық қосалқы шаруашылықпен айналысып жатқан шаруалар бар. Бұл бағытты ел президенті де қолдап отыр. Біздің палатада құр қол отырмай осындай семинарларды ұйымдастырып жатырмыз. Әр ауданда семинар өтетін болады. Осы шаруашылықпен айналысушы бізге келуі керек. Бизнес жоспарларын жасап қаржылай жағынан қолдайтын боламыз.

Мамандар лимонның «Ташкент Ф1» сортын өсіруді ұсынуда. Тек  өнім беруін көп уақыт күту керек. Ал сол уақыттарда құр алақан отырмау үшін тағы басқа жемістерді де аулаға еккен артық етпейді дейді, мамандар. Есесіне жүзім, анар, бадам өсіруді табыс көзіне айналдырған Өзбекстнадық азамат та келіп, аталған  жемістерді өсірудің технологиясымен таныстырды. Айтуынша Жамбыл облысыынң  климаты қолайлы, жерлері құнарлы. Тек халық бос жатқан ауланы табыс көзі деп қараймайды дейді.

Машъал ХУШВАҚТОВ БАҒБАН

Өзбекстанның әр ауласын қарасаңыздар бос жатқан жерлер жоқ.Мен кепілдік беремін. Бәрінде кем дегенде жүзім егілген. Мен енді осы жамбыл облысының үйлерінде де осындай бақ жайнап тұруын қалаймын. Осы мақсатта көмек берейін деп келдім. Бұл дердің ауа райы жақсы, жерлері де құнарлы. Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар. Тек еңбек ету керек.

Ауыл тұрғындары есік алдындағы жерлерін пайдаға асырса ауқаттылықтың артары анық.Тәжірибелі мамандар да бұл бағытта  қол ұшын беруге дайын.  Тек ауыл халқы қосалқы  шаруашылыққа бет бұрса болды.

Нұрлан Әбдікәрім, Санат Аралбек «77 ньюс» Жамбыл ауданынан