Күні кеше шаһарда «Дін мәселелері  жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау дәне қайта даярлау» атты семинардың қорытындысы өтті. 4 күнге созылған  әдістемелік кеңес аясында  имамдар, дін басқармасының мамандары  жан-жақты мәлімет алды.

 Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобын даярлауға бағытталған семинар 40 академиялық сағаттан тұрады. Семинар-кеңес – халықтың мақсатты топтары арасында түсіндірме, оңалту жұмыстарының  сапасын арттыруды көздейді.  Бір жағы азаматтардың жеке  ойының қалыптасып,  қауіп-қатерге тойтарыс беруге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Ал қаламызда өтіп жатқан семинарда 80-нен астам қатысушы біліктілігін арттырды.

Индира БЕРКІМБАЕВА  /  «ПАРАСАТ» КЕҢЕС БЕРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

/00129/00:46-01:20/…төрт күн ішінде біздің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері өздеріне қажетті өте үлкен мол мағлұматтар алды. Ол үшін республика көлеміндегі ең алдыңғы қатарлы, үздік ғалымдар, дәріскерлер шақырылды. Сонымен қатар, дін мәселелері жөніндегі түсіндіру тобы мүшелерінің аттестациядан өткізу жоспарланған.  Бұл аттестациядан өтудің нәтижесінде  жалпы курсқа қатысушылар сертификаттар мен арнайы министрліктің куәліктерімен  марапатталып жатыр…/ 

Еркінбек ҚАЛҚАЕВ / ҚАТЫСУШЫ

/00132/00:18-00:57/…насихаттық түсіндіру тобының «даярлау қайта даярлау» курсы өте жоғыр деңгейде өтті.  Біз бүгінгі күні барлықтарыңыз білесіздер, өзекті мәселінің бірі — дін. Яғни, дінді жақсы оқыту барысында біз көптеген лекторлардың сабағын оқыдық.   Таныстық. Енді бізге  бұл семинар өз пайдасын тигізді.  Мұндай семинарлар алдағы уақытта жалғасады деген ойдамын…/

 Семинар барысында  қатысқан азаматтар еліміздегі дін саласындағы  саясатты  сауатты  әрі дұрыс жеткізу бойынша ақпараттар берілген.  Бұдан бөлек, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізер де әртүрлі әдіс-тәсілдердің жолдарын мамандар практикалық тұрғыда көрсетіп берді.