Жамбыл облысындағы «Бурноокятбрьское» қалашығында  археологтар ежелгі адамның бассүйегін тапты. Мамандардың сөзінше,  табылған сүйектің иесі біздің заманымызға дейін өмір сүрген. Алайда, нақты мерзімін Украина ғалымдары анықтайды деп хабарлайды 24.кз.

Дәл қазір сүйек бөлшектері арнайы зертханаға жіберілген. Атап өту керек, «Бурнооктябрьское» жай ғана көне қалашық емес. Араб жазбаларында кездесетін «Барқуап» деген қала осы болуы мүмкін деген болжам бар. Қалашықты 1895 жылдан бері зерттей бастады, орыс шығыстанушысы Василий Бартольд өз жазбаларында толық сипаттама берген. Қазір соның негізінде ғалымдар қазба жоспарын құрастырып жатыр.

Археолог Төребеков Ескендірбектің сөзінше, бассүйекті бұрын қаңғы көсемінің сарайы болған жерден тапқан.   Көпшілігі-көшпенділер, бірақ отырықшы болып, егін шаруашылығымен айналысқандары да кездеседі.  Қазба жұмыстары кезінде мамандар 3500 артефакт тапты, көпшілігі қазір аудандық музейде.

Археологтар жұмысын аяқтағаннан кейін, қалашық туристік нысанға айналады. Жергілікті биліктің жоспарынша, ежелгі елдімекен республикамыздың сакралды орындар картасына енгізілуі мүмкін.