Барша мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесі мешіттерде айт намазын оқумен басталды. Құрбан айт тазалықты, ізгілікті, адалдық пен терең сенімді ұлықтайтын мереке. 

Тараздың мешіттерінде таңғы сағат 7:00-де  айт намазы оқылды. Таңмен таласа тұрған тұрғындар ұлық мерекеде осында ағылды. Дұға оқып, тілек тілеуге жиналғандардың қарасы қалың. Олардың қатарында облыс әкімі Асқар  Мырзахметов те болды. Орталық мешітке жиылған жамағатты өңір басшысы мүбəрəк мерекемен құттықтады. Хадистерде жылдың ең қадірлі күні құрбан айттың алғашқы күні екендігі айтылған. Ал намаздан кейін құрбандық шалуға рұқсат етілді.