Фото Жамбыл облыстық полиция департаментінен

Осы жылдың 7 айында қалада орын алған қылмыстардың 67 пайызы әшкереленген. Бұл көрсеткіш демалыс күндері өткен әскерилердің жарты жылдық есеп беру шеруінде баяндалды. Айта кетейік енді қалада тәртіп күшеймек.

 Өйткені  бөлініс шебінің әскерлері Ішкі істер министрлігінің арнайы тапсырмасымен қадағалау күшейіп,  жұма сайын сап түзеп, апталық есеп бермек.Әрине қылмыстық істердің айғақтарын анықтаудан бұрын, болдырмау маңызды. Жергілікті полиция басқармасы  басшысының орынбасары Самат Хусаиновтың айтуынша мұндай жиындар жиілесе әскерлердің жұмыстары да әрі қарай жүйелене түспек. Есесіне басқарма басшылығы жұмыста оза шапқандарды марапаттап, кейбіреулеріне ескертулер жасады. Сонымен қатар жиылған 300 сарбазға қызметті жауапкершілікпен атқаруларын айтып, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзушылыққа қалай да  жол бермеулерін талап етті.

Самат ХУСАИНОВ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қалалық жалпы бөлініс шебінің әскерлері бүгін сап түзді. Бұған дейін де жиналып келгенбіз .Алайда Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен бүгін алғаш рет жиналып әр бөлім 7 айлық есеп берді. Тек мерекелік кештерде ғана емес енді күнделікті тәртіпті қадағалау күшейтілмек.Осылай әр апта орын алған қылмыстар жайлы мәліметтер  жиында айтылатын болады. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де жұмыстарын жауаптылар қадағалайтын болады.