Елдегі  шағын және орта бизнестің дамуына кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдар да бірдей мүдделі. Сол үшін екі жақ арадағы кедергілерді жойып, өзара мәмілеге келу қажет.  Бұл туралы  күні кеше Атамекенде болған жиылыста қаламызға Астанадан келген тауар мен қызмет қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Отырыс барысында айтылған өзекті ұсыныстың бірі – санитарлық талаптардың қысқартылуы. Осы жылы 66 санитарлық талап қайта қаралып, 29-ы  кері шегерілген екен. Қазір бизнеске қоршаған  ортаға зиян тигізбейтін, экологиялық технологиялар енгізіліп  жатыр. Тиісінше, оларға қатысты тексерістер де өзгеруі керек дейді мамандар.

Жандарбек БЕКШИН

ТАУАР МЕН ҚЫЗМЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

«….Кәсіпкерлердің көпшілігі келіспей жататын еді. Себебі санитарлық талаптар оларға бизнесті стандартқа сай жүргізуге мүмкіндік беретін жол картасы тәрізді.  Бірақ соған қарамастан бірқатар тексерулерді қысқарттық. Мұны ең маңызды жұмыстардың бірі деп есептеймін…»

 Кездесу кезінде кәсіпкерлерге жұмысты ұйымдастыру,  шаруа қожалықтарын тексеру, жемқорлықтың алдын-алу профилактикаларына қатысты негізгі талаптар түсіндірілді. Аталған шаралардың барлығы жеке бизнесте жемқорлықтың өрістеуіне жол бермеуді мақсат етеді. Шенеуніктер жемқорлыққа қатысты тәуекелшіл деген мәселелерді әрдайым назарға алып отыруы керек деп есептейді. Жиын соңында тауар мен қызмет  сапасын бақылау қызметінің мамандары жиналған кәсіпкерлердің  өзге сұрақтарына жауап беріп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Ақсәуле  Әбітай,  Дулат Шықпанбетов