Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жамбыл облысындағы білім мекемелері жаңа оқу жылына тас-түйін дайын. Бұл туралы бүгін өңіріміздің бас ұстазы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.   Расында,  2019-2020 оқу жылында қандай өзгерістер болмақ?  Үш ауысымдағы мектеп,  оқушыларды оқулықтармен  қамту мәселесі толық шешіледі ме?  Сауалдарға жауап іздеп қайтқан әріптесім Аят Асқарбекұлы айтып берсін.

Өңіріміздің бас ұстазы әуелі атқарылатын тірліктер  мен жоспарларды жіпке тізді.  Мәселен, биыл аймақта балабақшалардың саны 15-ке артқан.  Осылайша мектепке дейінгі білім беретін  мекемелердің саны 545-ке жетіп отыр. Онда қазір 55 мыңнан аса бала тәрбиеленіп жатқан көрінеді. Қуантарлығы  жекеменшік бөбекжайлардың  саны жылдан жылға артып келеді.  Бұдан бөлек,   біздің аймақ білім саласын циярландыру бойынша көш басында келеді. Сөзімізге дәлел, биыл  13  мыңнан аса бала  1  сыныпқа электронды түрде  қабылданған.  Бұл тұрғыда білім басқармасына қарасты сайттар жұмыс істеп тұр. Рахия Сейітбекқызының айтуынша, биыл үш ауысымда білім  беретін мектептің  мәселесі толығымен шешілетін көрінеді.  Яғни, жаңа оқу жылында 5 білім ошағы пайдалануға берілмек.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА / ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
/00026/07:11-07:44/…жалпы, облыста 4 апатты мектеп, 1 үш ауысымды мектеп   жыл басында бар болған.  Бүгінгі күні 10 мектептің құрылысы жүргізілуде.  Жалпы, білім саласында 16 білім мекемелеріне  құрылыс жүргізілуде.  Соның 10-ны тек қана мектеп.  Осы 5 мектеп жаңа оқу жылында беріледі. 1-і үш ауысымды мектеп, 1-і апатты мектеп, 3-і орын тапшылығы бар мектептер.  Осылайша, біз биылғы жылы 3 ауысымды мектептердің проблемасын  толық шешеміз…/

Оқушыларды оқулықпен қамту да өзекті. Білім басқармасының басшысы барлық мектеп оқушылары 100 пайыз кітаппен қамтылатынын айтады. Бұдан бөлек, жиын барысында мектеп формасы да сөз болды.  Білім басқармасының басшысы  биылғы жылы мектеп формасының өзгермейтінін алға тартады.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА / ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

/00036/00:09-00:52/…әр сыныптың ата-аналар комитеті  қандай түсті форма, қандай ұзындықта болуы керек. Солардың шешіміне сәйкес, мектеп формасы таңдап алынады.  Биылғы жылы біздегі мәліметтер бойынша, басқа формаға көшу  басқа жаңалық жоқ.  Барлығы бұрынғы форманы сақтап қалып отыр.  Енді жаңарту процестері жүргізіліп жатқан болар. Бұны тек қана ата-аналар комитеті шешеді.  Директорлардың  оған қатысуға  құқығы жоқ.  Тек ішкі тәртіптің сақталуын талап ете алады…/

 Бұдан бөлек, жаңа оқу жылында  37-і ІТ-сыныптарын ашу жоспарлануда.   Атқарылар тірліктер мол. Тек жүйелі жұмыстар атқару қажет.

 Аят Асқарбекұлы, Азат Байтемір, «77news»