«Альфонс жігіттің тағдыры». Дәл осындай атаумен танымал журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызының алғашқы  кітабының тұсауы кесілді. Өмірде болған оқиғаның желісімен жазылған туынды оқырмандар ықыласына бөленіп те үлгерген.

Әуеліде хикаяны әлеуметтік желіде жазып жүрген бұрымды жалғасын баспаға басып шығаруды ұзақ ойлағанын айтады. Өкінішке орай, қыз-келіншектердің көркіне емес, қалтасына қарайтын жігіттердің қатары артып келеді. Осыдан 7-8 жыл бұрын жақын құрбысының басынан кешкен оқиғасын өзге де қыз-келіншектерге сабақ болсын деген мақсатпен жазып шыққан.  Осыған дейін Алматы, Шымкент, Талдықорған сынды қалаларда тұсау кесер өткізіп те үлгерген. Енді міне Тараз топырағына табан тіреп отыр.