Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыс бойынша құны 380 млн теңге болатын тауарлар еш тіркеусіз,  жалған шот-фактурамен айналымда жүр. Ал көрші қырғыз елінен 187 млн теңгеден асатын темекі бұйымдары заңсыз түрде кіргізілген. Бұл туралы бүгін экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ержан Кенжебаев мәлімдеді. Осы жылы ғана мемлекеттік кірістер комитетінен дербес бөлініп, өз алдына ведомство болған ведомство басшысы экономикалық қылмыстарды тергеуге қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

Осы жылы бюджетке 100 млн теңгеге жуық шығын келген, оның 85 млн теңгесі қазынаға қайтарылды. Жалпы департамент өндірісінде 70 қылмыстық іс болса, оның ішінде 39-ы айыппұл өндірумен аяқталды. Сондай-ақ, 6-ы сотқа жолданған. Айта кету керек, осы жылы басты назарға алынған мәселе – көлеңкелі экономика. Мамандардың сөзінше, алдағы  үш жылда көлеңкелі экономика көлемін 40 пайызға азайту жоспарланған.  Айта кету керек, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу Департаменті қызметкерлеріменен ағымдағы жылы бірде-бір азаматтын конституциялық құқығы бұзылмаған.

 Ержан КЕНЖЕБАЕВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Департамент бойынша заңсыз құмар ойындарды жоюға арналған профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Шу, Қордай, Меркі аудандарынан және  Тараз қаласынан 7 дана заңсыз ойын-сауықтыру кешендері анықталған.  Олардың үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, өзгелері тергеу барысында. Мамандар сөзінше,  жауапқа тек құмар ойын орындарын ашқандар ғана емес, кеңсені жалға бергендер де тартылады.