Фото: qasietti-taraz

Жамбыл ауданында «Әулиебастау» қалашығы  бар. Киелі мекеннің туристік әлеуеті көркейіп келеді.  Әсіресе,  бұлаққа  келетін бұқара, тіпті саяхатшылар саны да артқан.  Бірақ, «Әулиебастаудың» бүгінгі әлпеті сын көтермейді. Бұлақ толған балдыр. Жағасын қамыс жапқан. Былайша айтсақ, киелі жердің көркемдігі қоқыстан көз ашпай тұр. Мәселе деп мазаланған мамандар бірігіп, онда арнайы барды. Расында, әулие жердің  әрін кіргізуде қайтпек керек?  жауаптылар шешім шығарды ма? Аят Асқарбекұлы әрі қарай айтады.

Балагүл Махатованы Әулиебастаудың  бүгінгі жай-күйі қатты алаңдатады.  Өйткені туристік компанияның  өкілі маусым сайын  аймаққа саяхаттап келген туристерді Әулиебастауға әкеледі.   Алайда,  мұндағы  қаптаған қамыс пен балдырлар, күл-қоқыс меймандарды  көптеп тартуға кедергісін келтіріп отыр. Сондықтан, ол қалашықты бірқалыпқа келтіру үшін  жұмыстар қолға алынса дейді.

Балагүл МАХАТОВА  / ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛІ

 00142/00:32/…Таразға келген туристер «Әулиебастау» қалашығына алып келуді жиі сұрайды. Бұл қалашық саяхатшылар арасында кеңінен танымал. Бұлаққа шомылатындардың да қатары көп. Тек мұнда толығымен тазалық жұмыстарын қолға алу қажет. Бұлақтың бойын қаптаған қамыс пен балдыр басып кетіпті. Бұл бір. Екіншіден, мұнда келушілер ем қабылдауға келеді. Бірақ қоқыстарын үнемі қалдырып кетеді. Бұлай болмайды ғой. Қалашық барлығымызға ортақ. Табиғаттың сыйын аялайық!…/

 Ал арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері мәселенінің одан әрі ушықпауы  үшін бірқатар шешімді бұлақтың басында қабылдады. Өкіншітісі, бұл тарихи қалашық қазіргі таңда  не басқарма я болмаса жергілікті биліктің  қарамағында емес. Ал жауапты мекемеге тапсыру 1 жыл уақытты алатын көрінеді.  Бұл  туындаған мәселенің түйінін тарқатуға тұсау болары сөзсіз. Сондықтан жиылған сан-саланың мамандары    әуелі, «әулиебастауды» қоқыстан тазартып, қамыстан арылудың жолдарын қарастырды. Шешім шығарылды. Енді тек  іс жүзінде жүзеге  асыру қалды.

Қарлығаш АРАЛБЕКОВА    /  ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

/00156/01:18-01:50/…бұл әулиелі су… ешкімнің балансында емес…/

 «Әулиебастаудың» әңгімесі бір бөлек. Өйткені  мұндағы бұлақ температурасы бірқалыпты. Суы аса маңызды минералдар мен   микро элементтерге бай.  Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, судың емдік қасиеті бар.  Сондықтан бұл бұлақ халық арасында «Әулиебастау» деп аталып кеткен.

Аят Асқарбекұлы, Санат Аралбек, «77news», Жамбыл ауданынан