Ағымдағы жылдың 7 айында облысымызда 687 көлік апаты орын алған. Ең сорақысы бұл оқыс жайттан   90 адам жан тапсырып,  4000 — ға жуығы түрлі дене  жарақатын алған. Бүгінгі таңда бұл статистика күрт өсіп бара жатқаны белгілі. Тас жолдағы осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін не істемек керек? Бүгін жолдағы қауіпсіздікке жауапты мамандар  осы мәселені талқылады.

Тиісті тарап өткен аптаның өзінде 8 жазатайым жағдай жолаушылар жолағында орын алғанын айтады. Бұған себеп екі жақты: Жүргізушілердің жылдамдықты асыруы және жолаушылардың жан-жағына мән бермей жолдан өтуі.Сонымен қатар жиын барысында Батыс Қытай -Батыс Еуропа автодәлізінің жол жағдайы да қаралды. Көлік апаттарының басым бөлігі осы жолда түнгі уақыттарда  орын алған. Өйткені жүргізушілер көлік тізгіндеп келе жатып, қалғып кететін көрінеді. Ал мамандар бұл магистральға енді   тынығып, демалатын орындар ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қозғалысы да талқылау алаңында көтерілді. Өйткені бүгінгі шағымдардың көпшілігі автобустарға қатысты болып отыр.

Самат ҚҰСАЙЫНОВ  ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Мәмбет СМАИЛОВ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ