Облысымыздағы 19 мыңға жуық шаруашылықтың төрттен бірін  әйелдер басқарып  отыр. Халықаралық зерттеу статистикаларына сүйенсек, 2030 жылға қарай экономика кіріс-шығысының 70 пайызы нәзік жандылардың бақылауында болады екен. Бүгін Таразда өткен Ауыл әйелдерінің форумында осындай кәсіпте жүрген әйелдер көпке тағы бір рет таныстырылды. Дегенмен елді мекеннің шырайын келтіріп, тірлігінің берекелі болуына үлес қосқан  бұрымдылардың әлі де көпшілікке айтар түйткілді мәселелері көп. Форумда болған тілшіміз Ақсәуле Әбітай толығырақ тарқатады.

Қаракесекова Мейрамгүл  жұбайымен бірге 10 жылдан астам уақыт бойы Сарысу ауданында мал шаруашылығымен айналысып келеді. Төрт түліктің көзін тапқан табысты әйел балаларымен келіндерін де осы кәсіпке баулыған.  Қолдан шыққан өнімдерін арнайы көрмеге де ала келген. Енді биылдан бастап шаруа қожалығы Иранға ет экспорттауды бастамақ. Өңіріміздегі Іскер Әйелдер қауымдастығының мүшесі бүгінгі форумға арнайы шақырылған.

 Мейрамкүл ҚАРАКЕСЕКОВА КӘСІПКЕР

\…. Ерен еңбектің арқасында форумға әдейі шақырылдым. Оған қуаныштымын. Осыған дейін мәдениет саласында да еңбек еттім.  Жұмысқа жастайымнан араласқанмын.  Отыз жылдан астам уақыттың ішінде мәдениет қызметкері де, әнші де, сақпаншы да, малшы да болдым. Сол ерен еңбектерімді бағалап, форумға әдейі шақырып отыр. ..\

Өңірдің еңбекқор әйелдерін жинаған жиынға Парламент депутаттары арнайы келген. Алыстағы ауылға елорданың биігінен қарайтын шенеуніктердің сөзінше, биліктегі әйелдер үлесі артып келеді. Дегенмен дүниежүзілік статистикаға сенсек, дамыған мемлекеттердің өзінде биліктегі нәзік жандылар үлесі 13 пайызды ғана құрайды. Бұл орайда ауылдағы әйелдер билікте деуге тіпті ерте. Отбасының ұйытқысын бірінші орынға қойған құрбыларымыз кәсібін дамыту үшін әлі де ұзаққа шыққысы келмейді. Бизнес ашамын дегенмен кейбірі мемлекет ұсынған дайын оқуды үнемі кері шегерумен келеді дейді депутат ханым.

Майра АЙСИНА/  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Билікке араласпаса да бизнестегі әйелдер үлесі кем емес. Осы жылдың өзінде 400-ге жуық нәзік жанды «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша кәсіп ашудың қыр-сырын оқып үйренді. Облыс әкімінің орынбасары  Мұратхан Шүкеевтің сөзінше, «Еңбек бағдарламасы» аясында 9725 әйел жұмыспен қамтылған. Іскер әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен аудан орталықтарында Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтары ашылып жатыр. Жоспар бойынша осы жылы 5000 әйелге 500 мың теңгенің гранты бөлінбек. Шараға қатысушылар да, кәсіпкер әйел көп болу үшін қаржының тұрақты бөлінген құп дейді.

 Салтанат РАҚЫМБЕКОВА

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ G-GLOBAL-ДЫ ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫ» ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Кәсіпкер әйел Қаракесекова Мейрамгүл  енді бас қаламызға баруға дайындалып жатыр. Қарашада ол жерде республиалық ауыл әйелдерінің форумы өтеді.  Ол үшін бұрымдыларды жинаған қазіргі жиынның орны ерекше. Осыған дейінгі талай жиында қалада жүрген нәзік жандыларды жинап, ауыл әйелдерін ұмыт қалдыратын едік. Бұл жолы арнайы ауыл әйелдерінің түйткілді мәселелері талқыланды дейді қатысушылар. Жиын соңында форумға жиналған  бұрымды кәсіпкерлер арнайы марапатталды. Оларға  Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина мен облыс басшысының орынбасары Мұратхан Шүкеев атынан арнайы дипломдар табыс етілді.

Ақсәуле Әбітай, Дулат Шықпанбетов 77ньюс