Zhambylnews

Сарша тамыздың соңы. Қыркүйектегі қарбалас уағы таяп қалды. Оқушылардың ойыны аяқталып, жаңа оқу жылына  дайындық та басталды.Дүкендер мен базарларда абыр – сабыр. Бала үшін барын аямайтын ата – ана қалтасын қағып, мектепке әзірленіп  жатыр. Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда бірыңғай киімнің құны көтерілгені рас па?  Баланы мектепке даярлау үшін  бас аяғы  қанша қаражат қажет? Бұл сұрақтардың жауабын әріптесім Гүлжан Серік іздеп көрді.

Бұл қыздың есімі Жанел. Биыл бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отыр. Сондықтан, Бақытгүл Қадырқұлова кіші немересін ертіп базарда мектеп формасын іздеп жүр.

Бақытгүл  ҚАДЫРҚҰЛОВА  ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

/ Ләж жоқ аламыз енді қымбат болса да. Бар ойымыз балалар жақсы оқыса деген ой ғой біздікі/.

 Базарда қажеттінің бәрі самсап тұр. Бағалары да әр түрлі. Сапасына қарай көсіледі. Көбіне, қырғыз бен қытай киімі. Олардың ең төмені 8 -9  мың теңгеден басталып, 15 мыңға дейін барады. Ал, отандық өнім әлдеқайда қымбат. Себебі, елге кіргізілетін шикізат шет елдерден келеді.

Жапаркүл РОЗАЛИЕВА САТУШЫ

/Сондай көп емес, 500 теңге, 1000 теңге айырмашылық бар. 1000, 2000 теңге қымбат. Доллар өскендіктен/.

Сатып алушылар кеңсе тауарларының да бағасының өскенінін айтып отыр.  Қымбатшылық қалтаға салмақ салса да, әлбетте  ата – ана баласын көптен қалдырмаудың қамын ойлайды. Сондықтан, баға емес сапаға мән береді.

Мөлдір ЖАПАНОВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

/ Мен бүгін екі сіңілімді ертіп базарға келдім. Таурлар қымбаттаған былтырдан қараған кезде. Мына альбом 350 теңге болып кеткен. Күнделіктер 600 теңгеден. Сіңілім 8 класс оқиды. Міне, мына дәптер 1200 теңгеден. Мен1000 бер деп саудалысып тұрмын/.

Сонымен, бірінші сыныпқа баратын бір баланы толықтай мектепке даярлап шығу үшін шамамен 60 -70 мыңдай қаражат керек. Мектеп формасы – 13 мың, сөмкесі бар, аяқ киімі бар оған кеңсе тауарларын қосыңыз сонда қажетті қаражат 60 мыңнан асып жығылады. Бірақ, қалтаңызға қарай көсілсеңіз де болады.

Г. Серік, А. Байтемір 77 ньюс.