Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы ауыл шаруашылығында  тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы  бүгін  жауапты сала мамандары мәлімдеді.  Расында, асыраушы саланың басым бағыттарындағы көрсеткіштер қандай? Атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді ме? Сауалдарға жауап іздеп қайтқан  әріптесім Аят Асқарбекұлы айтып берсін.

Сөз алған Ерлан Құлекеев әуелі егін шаруашылығында атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Мәселен, 2019 жылдың өнімі  үшін 687,1 мың гектарға дәнді-дақылдар егіліпті.   Осы уақытқа дейін 331,3 мың гектардан масақты дәнді-дақыл  орылыпты.  Басқарма басшысының айтуынша,  егін  орағы  әлі де жалғасуда. Қуантарлығы, биылғы жылы  аймақта гектар көлемі ұлғайып, картоп,  мал азығы дақылдары және  қант қызылшасын молынан  алу жоспарланған.  Ал егіс алқаптарын минералды тыңайтқыштармен қамту-маңызды істің бірі. Бұл орайда,  жергілікті  бюджеттен қаржы бөлініп, егістік алқаптарының басым бөлігі   арзандатылған тыңайтқыштармен қамтылған. Сондай-ақ аймақта күзгі дала жұмыстарына да дайындық жұмыстары  қызу жүргізіліп жатыр.       

  Ерлан ҚҰЛЕКЕЕВ /  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/00121/00:31-00:59/…биылғы жылы 105 мыңнан астам гектар жерге күздік дақылдар егіледі. Оған тұқымдардың барлығы  дайындалуда. Бізде облысымызда 8 тұқым шаруашылығы жұмыс атқарады. Тұқымдардың барлығын қазір тазалап, дәрілеп дайындап жатыр. Яғни, шаруашылықтарға күздік жұмыстарға  тұқымдарды сату жұмыстары басталады…/

Аймақта мал шарушылығында да өсім байқалады. Басқарма басшысының есебіне сүйенсек,  өңірде 60  млн 981 мың тонна ет өндірілген.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір атқан.  Бұдан бөлек, малдың барлық түрінде тұрақты өсу динамикасы байқалады.  Айталық, сиыр сегіз пайызғға,  жылқы 7,8 пайызға өсіп отыр.  Ал уақ мал 3 млн-нан асып  жығылып, 3,9 пайызға  көбейген. Ойсыл қара тұқымы  болса, 7 мың 405-ке  жетіп,  8,1 пайызға жеткен.  Сонымен қатар, облысқа  мүйізді ірі қара жеткізу  ісі де өз жемісін беруде.

Графика:                       

Сиыр —     8% (187369 бас)

Жылқы —    7,8% (141904 бас)

Қой мен ешкі —   3,9% (332312 бас)

Түйе —     8,1%  (7  405 бас)

  Қайрат АМАНОВ   /  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/00114/01:52-02:42/…облыста мал басының өнімділігін арттыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша бүгінгі күні импортталған мүйізді ірі қара мал басының арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл бағдарлама 2018-2027  жылдарға арналған. Бұл бағдарлама бойынша облысқа  36 мың бас сиыр әкелінуі қажет. Бұл бағытта бүгінгі күні  жалпы биылғы жылға 4 мың  бас жоспар белгіленген. Бұл жоспарларға сәйкес, осы несиелендіру бағытында әкілінетін малға «аграрлық несие» корпарациясымен  ауыл шаруашылығы қоры арқылы несиелендірілуде…/

 Жалпы,  Жамбыл облысында асыраушы саланың әлеуеті зор. Оған атқарылған жұмыстар мен көңіл көншітерлік көрсеткіштер арқылы көз жеткізуге болады.   Ал алда іске асатын жүйелі жоспарлар баршылық.   Қордай ауданында мал бордақылау кешенін, сондай-ақ,  өңір бойынша 61 сүт фермасын ашу  көзделіп отыр. Осылайша,  басты саланың басым бағыттары  алға басып, одан әрі қарыштап дами бермек.

Аят Асқарбекұлы, Санат Аралбек, «77news»