Фото:inform.kz

Мұңы көп мұғалімнің базынасы билікке  жетті. «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі».  Мағжанның ұстазға берген  бағасы бұл. Қадірлі құрметке лайық ұстаздың  бүгінгі сыйы қандай?    Күні кешегі республикалық тамыз конференциясында мемлекет басшысы тарапынан «Мұғалім мәртебесіне» қатысты бірнеше тың ұсыныстар айтылған еді. Ұстаз жүктемесін қысқарту, материалдық ынталандыру, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарту. Мұғалімнің мерейін үстем қылар өзге қандай жаңалық бар? Тілшіміз Гүлжан Серік зерделеп көрді.

Қатардағы көп мұғалім жылда тамыз конференциясын асыға күтеді.  Олардың санатында Гүлмира Райқұлова да бар. Жаңа оқу жылына қатысты жаңалық алдымен дәл осы жиыннан таратылады. Бұл жолы сәті түсіп, өзі де шараның қатысушысы болды. Қатысты да қуанып қайтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұғалім мәртебесін көтеріп, табысын арттыру туралы тапсырмасы – көптің көптен күткен басты жаңалығы еді. Бірақ, бәрі бірден емес. Жалақы бірден көтерілмей, алдағы төрт жылда ұстаздар еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейеді.

 Гүлмира РАЙҚҰЛОВА  ҰСТАЗ

  /Ел қатарлы көреміз. Бірақ, бәрін де жақсылыққа, оқушына да жақсылыққа  тәрбиелейміз. Өзіміз де жақсы болуға ұмтыламыз.  Тек қана жақсылық болсын деп жақсылық күтіп отырмыз/.

 Бұдан былай ұстаздардың жазғы демалысы 56 күнге дейін ұзарады. Барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдері жаппай бес күндік оқу бағдарламасына көшеді. Биліктегілерлің сөзіне сенсек, жөн – жосықсыз бюрократиялық тексеріс, аттестация деген атымен болмауы керек. Балаға білім беруден емес, қажетсіз жиындарда «көрермен» залын толтырудан шаршаған ұстаздар  енді бос қоғамдық жұмыстарға да тартылмайды. Оны жиында Президенттің өзі шегелеп айтты.

Гүлмира РАЙҚҰЛОВА  ҰСТАЗ

 Мұғалім ең соңғы, барлық жерде кінәлі, алаңға болсын, энергетик мейрамы болса оларға жібереді, налоговиктер мейрамы болса оларға жібереді. Сондай жерелерге массаовкаға жібереді. Сондай жерлерге жібереді. Сол жағын Президент көтерді. Ризамыз. Енді мұғалімдер өздері үшін, рухани байлығын жетіледіреді деп сенеміз/.

  Ұстаз көштен қалмаса, ұрпақ озады, — дейді дана халық. Жоғарыда айтылған жаңашылдықтың барлығы ұстаз мәртебесін көтеруге, ел ертеңін тәрбиелейтін ұлт жанашыларының жағдайын жақсартуға бағытталған тың қадам.

 Айдар ТҰРАБАЕВ ІТ ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/Бұл педагогтардың білімін арттыратыны күмәнсіз. Педагог білімі артқан кезде онлайн емтихан болса, осы жыл өткен категория алу үшін емтимхан өтіп жатырмыз соның нәтижесінде білім төмен ысырылып, тек мықтылары ғана қалады деп ойлаймыз/.

Шыны керек, мұғалімге баласының білімін ғана емес тәрбиесін де тапсырып қоятын ата-аналар да бұл жаңашылдықты құптай кетті. Көпшілік қауым да ұстаз деген ұлағатты жандарға ұлт тәрбиелеушісі деген биік мәртебені қайтарып беру керек деп санайды.

 /Әрине, ол кісілердің статусын көтерген дұрыс деп санаймын. Ол кісілерге әрбір ата – келіп жалобы жасайды, аузына келгендерін айтады, көріп жүрміз ғой. Сондықтан, заңмен бірқалыпты болғаны дұрыс деп санаймыз/.

 /Жалақыны көтеру керек. Неге жалақыларын көтермейді. Мен қолдаймын. Олардың еңбектері деген өте зор/.

 /Егер, ұстаз өз мамандығын ерекше сүйсе, онда оған жұмыс істеуіне еш нәрсе кедергі болмайды. Тіпті, жалақы да. Кеңес одағы кезінде мұғалімдер тіпті 80 рубльге де жұмыс істеген болатын/.

 Гүлжан Серік, Азизхан Әбді «77 ньюс»