Фото: Айғақ

Жамбыл облысында жыл басынан бері 7000 – ға жуық адам жүргізуші куәлігін алған. Енді темір тұлпар тізгіндейтіндер қатары өседі, — деп болжайды мамандар. Себебі, бұдан былай елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді. Бұл туралы халыққа қызмет көрсету орталығы мамандандырылған бөлім басшысының орынбасары Нұрдәулет Темірбеков айтты.

Нақтырақ айтсақ, 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгеріс еніп отыр. Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, лор, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі: Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында, мерзімі өтіп кеткенде, сондай – ақ куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде сұралады.

Нұрдәулет ТЕМІРБЕКОВ  «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ «ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. Енді, қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес. Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар, жоғын біріңғай ақпараттық жүйе арқылы тексере алады. Ол өз кезінде уақытты үнемдеуге сеп болады/.