Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан және Қырғыз Республикасының азаматтарын анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.

«Осы  жылдың 17 тамызында тәртіп сақшылары рұқсат беру құжатынсыз жұмыс істеген 5 Өзбекстан азаматын анықтады. Қазақстан аумағынан заңда белгіленген мерзімде шықпаған Қырғыз Республикасының 2 азаматы 2019 жылғы 20 тамызда Қордай ауданындағы өткізу пунктінде тоқтатылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жол берілген бұзушылықтар үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауапкершілікке тартылған. Мамандар көші-қон заңнамасын бұзушылармен күрес бойынша алдын алу жұмыстары жалғасуда екенін айтады.