Доллар өсті дегеннен қымбатшылық қатар жүреді. Азық – түлік бағасы тағы жоғарылады. Әрі бұл өсімнің тоқтар түрі жоқ сияқты. Себебі, қанша жерден «Қазақстанда жасалған» өнімдер саны артты дегенмен, біздің нарық әлі де АҚШ көк қағазына тәуелді. Ал доллардың  курсына сенім жоқ, күнде құбылады.  

Өсу барда, түсу жоқ. Бұл құдды бір біздің елдегі азық – түлік бағасына дөп  айтылғандай. Мәселен, мына халықтың ең көп тұтынатын,  нан бағасы жыл басында Таразда 60-65 теңгеден саудаланса,  қазіргі нарықтағы құны 70-75 теңгеден сатылуда. Осыдан – ақ пайымдай беріңіз, әр тауар 10, 15 теңгеге  қымбаттағанның өзінде…  Қалтаны кәдімгідей қағады.

Айлық табыстың  қомақты бөлігі алдымен тамаққа жұмсалады. Ал бағаның жоғарылауы  халықтың тұрмысына әсер етпей қоймайды.  Дастархандағы тәтті дәмді мен қазанға салатын ет көлемі азаяды.

БЛИЦ.

/Вермешель болсын, күріш болсын қымбат. Жалықымыз аз. Кәдімгідей қалтаға салмақ салады/.

/70 мың теңге пенсия аламын. Жетпейді ғой , қарағым. Балалар бір – екі ай жұмыс істемесе, аш қаламыз. Ет қымбат. 1600 -1700 болған. Енді 1800 -2000. Ет жемейтін болатын шығармыз /.

/Кеше келгенде басқа баға еді, бүгін басқа. Күнде өседі ғой баға/.

Қымбаттағандардың қатарында құрылыс заттары да бар.  Бұл бөлімде тауар  сатып алып жатқан адам сирек.

 САУДАГЕР

/Сыпырғышқа 10-15, 20 теңге қосылды. Биыл тауар былтырғыдан қарағанда қымбат. Әрқайсысына 10, 15 теңге қосылып жатыр/.

Бағаның бұлайша бұлқынуына не себеп? Көптің көкейіндегі сұрақты жауапты ведмство мамандарына қойдық. Бағаны ретсіз өсіруге жол бермейтін, тұрақтандыру қоры бар.  Алайда  құзырлы орган қызметін қаншалықты дұрыс орындап жүр?

 Заңғар КЕМЕЛОВ «ТАРАЗ» ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КООРПОРАЦИЯ» АҚ ҚОҒАМЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

/Тұрақтандыру қорында 4300 тоннадай  өнім бар. 826 миллион теңгеге. Картоп 600 мың тонна,  сәбіз 207 мың  тонна, пияз 576  тонна. 2770 тонна қантымыз бар. 28 тонна күнбағыс майымыз бар.  Нанды шығарып жатырмыз. Әлеуметтік магазинде сатып жатыр 55 теңгеден. Қыркүйекте баға тұрақтанады деп ойлаймыз /.

Жауаптылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыс жоқ емес, демек. Өңірде облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен штаб өз жұмысын бастапты. Олар апта сайын базар аралап, мониторинг жасайды. Бағаны тұрақтандыру үшін:  жақында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Биыл жыл соңына дейін «Ауыл береке»  маңынан 6 га жерге көтерме сауда базары салынады. Ол да бағаны негізсіз өсірмеуге сеп болмақ.

ГРАФИКА. Негізінен өңірде бағасы ең қымбат болып тұрған: қырыққабат 38 пайызға, нан 18, сәбіз 32, картоп 50 пайызға қымбаттаған. Күріш бағасы да айтарлықтай өсіпті.

 Қайрат АМАНОВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Негізгі себеп күріш бағасының көтерілуіне:  Қызылорда облысында өндірушілер бағаны көтерді. Сол өндірушілердің шығынына байланысты. Қырыққабат масыумдық уақытша көтерілу. Алғашқы өнім жиналды. Қалған өнім енді жиналады/.

 Мәселе шарықтау шегіне жеткенде Үкіметтің өзі араласып отыр. Енді  билік азық – түлік бағасын қазақстандықтардың көмегімен бақылауға кірісті. Жақында арнайы сайт құрылады.  Азаматтар қымбаттаған тауарды суретке түсіріп жіберсе болады. Бұл дүкендердегі бағаны онлайн бақылауға таптырмас зор мүмкіндік.  Халық болса, бұл жаңа жүйеге үміттене қарайды.

Гүлжан Серік, Әбді Әзизхан 77ньюс