Бүгін тараздықтар  «Тәжік-Ауған» шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарда қаза болған азаматтарды еске алды.    Боздақтардың рухына тағзым етті.  Толығырақ әріптесім Аят Асқарбекұлы айтып берсін.

 1992-2001 жылдар аралығында «Тәжік-Ауған» шекарасындағы  қақтығыстарда Қазақстандық әскерде төбе көрсетті.   Арға  нұқсан келтірмей, еліміздің 2 мыңнан астам жауынгері мен офицері  тәжік-ауған шекарасында  жауынгерлік міндеттерін орындады.  Шабуылдарға  қарсы тұрып,  боздақтар кеудесін оққа тосқан еді.   Ал бүгінгі шарада сол қақтығыстарға қатысып, шекара тыныштығын күзеткен ардагерлер шейіт болғандарды еске алып,  аза тұтты.

 Мұрат МҰХАМЕДЖАНОВ  /  «ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ» БАСШЫСЫ

Аударма: /00143/01:05/Біз Қазақстандық әскер сол тұста барымызды салдық. Қақтығыстарға қарамастан, шекараның тыныштығын күзеттік. Ал қайтыс болған қатарластарымыз біздің мәңгі жадымызда. Олар ешқашанда ұмытылмайды!../

 Айта кетейік, «Тәжік-Ауған» шекарасындағы  еске алу шарасы еліміздегі  барлық облыстарда өтіп жатыр. Бұдан бөлек, ардагерлер сарбаздар қаза тапқан Душанбе қаласына да арнайы барған.  Ал еске алу шарасы  Алматы қаласында қорытындыланбақ.

 Ғани ӘБЕКОВ   /  ПОДПОЛКОВНИК 

/00140/01:18-01:51/…шекарадан қайтқанымызға 26 жыл толып отыр бүгінгі күні.  Осыған орай, республикалық қоғам Қазақстан териториясымен  Өзбекстан, Тәжікстан аумағына барып, Тәжікстанда қайтыс болған 17 сарбаздың басына қорған қойып, Тәжікстанның сол кездегі шекара әскерлерінде қызмет жасаған генералдармен сұқбаттасып, кездесу жасап қайтты. Ал бүгін Тараз қаласына келіп отыр…/

Қақтығыста қаза тапқан боздақтардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.  Ал ардагерлерді еске алу жас ұрпақтың әркез міндеті боп қала  болмақ.

Аят Асқарбекұлы, Дулат Шықпанбетов, «77news»