Ал ажырасудың машақаты мұнымен тәмам емес. Енді екі ортада қалған баланы қос тараптан  тәрбиелеу бар. Мұндағы айтпағымыз  алимент мәселесі. Міндеттілер міндетті ақысын төлей қойса жақсы ғой. Жоқ! Ел бойынша алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны еселенгені былай қойсын, күрт өскен. Тіпті біздің өңір бұл  бойынша 6-орында тұр.Төлеуге тиістілерден қажетті  төлемін  өндіре алмай жүрген тарап енді мардымды мәселені майшаммен қарамақ. Өңірге арнайы келген   ҚР жеке сот орындаушы палатасының төрағасының қатысуымен жиын өтті. Толығырақ тілшіміз  Нұрлан Әбдікәрім тарқатады.

 Алименттерді өндіріп алу, ал оларды тиісінше орындамау қоғам арасында  резонанс, әлеумет арасында шиеленісті туғызғаны рас. Айтар болсақ ел бойынша 191мың адам міндетті алиментті төлеуі тиіс екен. Алайда олардың басым бөлігі жұмыссыз не мүліксіз не ақшасыз болғандықтан қарамағындағыларға қажетті қаражатты қалтасынан тауып бере алмай  отыр. Енді жауаптылар бұл шиеленген мәселенің түйінін былай шешпек.

Ернар ЫБЫРАЙЫМ ҚР ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Өңіріміз алимент тақырыбы бойынша  6-орында тұр. Яғни көрсеткіш көп. Айтар болсақ  облыстың  сот орындаушыларына 11,326 алименттік іс жүргізу тіркелген екен.Алайда арасындағы 451 проблемалық істің  126-ы ғана бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Ернар ЫБЫРАЙЫМ ҚР ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков борышкерлердің құжаттары қайта тексерілетінін айтты. Өйткені…

Бекболат ОРЫНБЕКОВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 Осылай жауаптылар тиісті алимент төлейден жалтарғандардың жолын бөгеуде жүйелі жұмыстар жүргізбек. Ол үшін 3 тарапты меморандумға да қол қойылған.Тек мамандар  онда көрсетілген жоспардан жаңылмаулары тиіс.

Аят Асқарбекұлы, Нұрлан Әбдікәрім, Санат Аралбек «77 ньюс»