Біле білсеңіз, еліміз  ажырасу дерегі бойынша  ТМД елдерінің тізімінде 6 орында тұр. Тіпті, көрші Өзбекстанның өзінде ажырасу деңгейі бізбен салыстырғанда 10 пайызға төмен. Дәйекке дәлел: елімізде әрбір үшінші неке ерлі – зайыптылардың ажырасуымен аяқталады. Құп жарасқан жанұяның уақыт өте келе жан-жаққа кетуіне не себеп? Үйлену оңай, үй болу қазір несімен қиын. Гүлжан Серік сабақтайды.

Мамандар сілтейді. Еліміздің барлық аймақтарында қазір шаңырақ көтеруге құштар жастардың саны төмендемегенімен,  ажырасуға бейім отбасылардың қарасы көбейген. Яғни 3 тен 1-і. Мәселен, бір ғана Тараздың өзінде  биыл 3 мың  жұп жарасқан. Алайда арты қос тарапқа кетумен тыныпты. Яғни 1000 – нан астамы үйлене салысымен ажырасып кеткен.

 Айнұр ЕРМҰХАМБЕТОВА  АХАТ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ /Жаңадан тұрмыс құрған отбасылар бір – бірін түсінбей екі айдың ішінде тіпті бір айдың ішінде ажырасып кетіп жатқандар бар. Себебі, мінезіміз келіспеді, түсініспедік деп жатады. 40 – тан асқан адамдар да келіп жатады/.

Ажырасудың түбі – ұл – қызды  «тірі» жетім етеді. Ал ұрпақ ол елдің  ертеңі. Сондықтан болар, мамандардың дабыл қаққаны. Демек, дертпен күресу дүйім жұртттың еншісінде.  Сұраныстан туса керекті. Бүгінде осындай фактілердің жиілеуінен жауапты ведомство  Таразда татуластыру орталығын ашуға мәжбүр болған. Ол орталықтың бүгінде жүгі ауыр, міндеті еселі.

Бақберген АБДУХАИМОВ МЕДИАТОР /Отбасылық кикілжіңге байланысты айына 20, 30 адам келеді. Біз орташа есеппен 5-6 отбасын сақтап қалып жатырмыз. Психологтар да бар күшін салып жатыр. Ары қарай тағы да бұл санды көбейтеміз деген ойдамыз/.

Шаңырақ шайқалуының себептері көп. Басты фактор — тұрмыстық тауқымет, кейінгісі әрине  әлеуметтік әлеует. Тағысын тағы. Мұның бәрі де субъективті себеп. Одан да маңыздысы, сайып келгенде тағдыр тәлкегіне түсетін бала ғұмыры.

АДВОКАТ /Ажырасу бойынша әрбір үшінші іс келіп жатыр. Әр түрлі сұрақтармен келеді. Біреуі мүлік бөле алмайды, біреулері  алимен  өнідіру мәселесі бойынша кеңес алады. Баланы өзінде қалдыру. Көбіне осы дау бізде «бала мәселесінде» болады/.

Себеппен емес салдармен күресу керек. Былтыр бас қаладағы мандатты депутаттар отбасы сақтаудың арнайы бағдарламасын қабылдауды сұрады. Тіпті жастарды алдымен некеге тұрғызбас бұрын, отбасы құндылықтары туралы білімін жетілдірейік деп ұсыныс айтты . Бұл мақсатта пилоттық жоба іске қосылғанмен, одан әлі де нәтиже аз болып тұр.