Енді балаңызды балабақшаға апару үшін кезекке тұрып, анықтама алудың  қажеттілігі азайды. Үйде отырып-ақ тіркеп, кезекке қойып, тіпті балабақшаға төленетін қаржының қайда жұмсалып жатқанын бақылауға болады. Ал жақын арада  бөбекжайларда турникеттер орнатылып, балаңызды арнайы саусақ ізі арқылы қабылдап алады. Мектепке дейінгі білім беру орындарына қатысты бұл жаңалықтар бүгінгі өткен қалалық тамыз конференциясында айтылды.  Ақсәуле Әбітай толықтырады.

Республика мен облыстық жиыннан кейінгі кезек тиген отырыста қаланың білім беру жүйесіне қатысты тың жаңалықтар айтылып қана қоймай, кемшін тұстар да сөз етілді. Биылғы санақ бойынша, балабақшада 2000-нан астам педагог қызмет етеді. Бірақ олардың 42 пайызының ғана арнаулы жоғары білімі бар.  Сондықтан болар, соңғы кездері қоғамда бөбекжайлардағы келеңсіздіктер жиі сын тізіне ілігіп жатады. Білім бөлімінің мәліметінше,  бұл мәселенің салдарымен күресу үшін балабақшалардағы бақылау камералары күшейтіліп, онлайн түрде қарап отыру үшін мобильді қосымшалар әзірленеді.

Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА /  ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

00009// 03:30 – 03.45  03:50 – 04:06

 Орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер де аз емес. Өткен жылы тараздық білімгерлер республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы 35 медаль алған екен. Дарынды балаларды қолдау жұмысы биыл да жалғаспақ, бірақ мектептерде ақылы олимпиадалар өткізілмейді. Биыл 4, 9 және 10 сыныптар оқу жылын жаңа бағдарламамен бастайды. Оқу кестесіне қосымша 3 пән енгізіледі.  Олар: кәсіпкерлік пен бизнес негіздері, графика мен жобалау, алғашқы әскери және техникалық дайындық. Жаңа сабақ енді дегенмен, қағазбастылыққа жол берілмеуі тиіс. Облысымыздың бас ұстазы бұған ерекше назар аударды.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА \ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қала ұстаздары қуана қабылдаған жаңалық – ұлттық біліктілік тестіне қатысты. Айта кетсек,оқушылармен қатар мұғалімдер де  белгілі бір уақыт сайын кәсіби білімін таразыға салып, тексеріп тұруы керек. Бірақ енді бұл процесске мектеп басшылығы араласа алмайды. Аттестациядан өту үшін мұғалімдер директор бұйрығына бағынуы міндетті емес, өзі қалаған уақытта тест мерзімін белгілеп тапсыра алады. Кешегі жиыннан жалғасқан  бір тақырып – қазіргі ұстаз қызметінің түрленуі.  Бұл туралы Тамыз конференциясына арнайы шақырылған  Кембридж университетінің докторанты  толық түсіндірді. Жас зерттеушінің сөзінше, 21 ғасырдың мұғалімі мектеп қызметкерінен көшбасшыға айналуы керек. Яғни, өз оқушысын шабыттандыра алатын, жаңа бастамаларға ашық, оқыту ісіне не қажет екендігін нақты білетін маман. Ұстаздың бұл ролі батысқа әбден таныс, ал  елімізге енді ғана еніп келеді.

Гүлмира ҚАНАЕВА / КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОКТОРАНТЫ

«…Көшбасшылықты бізкөп жағдайда лауазыммен шатастырып жатамыз.  Бір мектепте рол атқарамыз, сол себепті көшбасшымыздеп ойлаймыз. Ал зерттеулег сүйенетін болсақ, көшбасшы лауазым емес, ол-әрекет. Яғни, біздің сыныбымызды, мектепті, қоғамды, білім беру жүйесін дамытуға арналған әрекетімізді көшбасшылық деп атаймыз…»

Көп талқыланбаса да , өзектілігін жоғалтпаған мәселе – инклюзивті  білім беру. Қала бойынша, 1085 баланың ерекше мұқтаждықтары бар.  Қазір олардың 647-і денсаулығына байланысты үйде білім алады. Мамандардың  мәліметінше, инклюзив білім берудегі кедергілерді азайту үшін арнайы шаралар қолға алынып жатыр. Сол себептен де осы жылы шаһардағы бірнеше мектепте  инклюзив сыныптарын ашу жоспары тұр.

Ақсәуле Әбітай, Азат Байтемір 77 ньюс