Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  белгілі спортшы, жерлесіміз  Елдос Сметовты қабылдап, Токиода өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атануымен құттықтап, қошемет көрсетті. Спортшы өзін әркез қолдап, жарыс алдында қабылдап жігер беріп отыратын аймақ басшысына алғысын білдірді.

Асқар Исабекұлы Қазақтың  қанындағы қайсарлық, бойдағы батырлығы ел мен  жерді қорғауда талай тар жол тайғақ кешуден алып шыққаның айта келе, бүгінде ол қасиет байрағымызды биіктен желбіретіп жүрген саңлақ спортшылардың бойынан көрініс тауып жатқанын тілге тиек етті.  Спортшының кезекті жеңісі барша еліміздің оның ішінде жамбылдықтардың да мерейі екендігін айрықша атап өтті.

 Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өз кезегінде Елдос Сметов аталмыш  жарыс барысы туралы  әңгімелеп, өзінің медальдарын көрсетті. Өңір басшысы спортшыға сәттілік тілеп, алдағы Токио Олимпиадасында алтыннан алқа тағуына ниеттес екендігін жеткізді. Айта кетейік, дзюдошы Елдос Сметов Токиода өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңген болатын.  Жерлесіміз  ширек финалға дейін ол Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) жеңді. Ширек финалда Елдос  жапониялық Ружу Нагаямаға есе жіберіп,  жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған Елдос қарсыласы тайпейлік Янг Юнг Уэйді иппон ұпайымен ұтқан болатын

Елдос СМЕТОВ  ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Токиода басталған Әлем чемпионатына әлемнің 147 елінен 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан Токио татамиінде 16 дзюдошы бақтарын сынауда. Әлем чемпионаты қыркүйектің 1-іне дейін жалғасады.