Фото: sputniknews

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 24 жыл. Ата Заң – өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын алтын арқау, ал бүгінгі қоғамның негізгі діңгегі. Аталмыш мемлекеттік мереке жыл сайын республикалық деңгейде аталып өтіледі, біздің аймақ та бұл дәстүрден тыс қалмады. Баласағұн концерт залында салтанатты шара өтіп, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтады.

 Осыдан 24 жыл бұрын буыны енді бекіп келе жатқан елдің егемендігін ресми түрде көрсеткен құжаттың атаулысы – Ата Заң. Сол уақыттан бері Конститутция ел тыныштығының кепілі болып, билік пен бұқара арасын үйлесімді түрде ұштастырып келеді.Бүгін концерт залына жиналғандардың барлығы ең алдымен осы атаулы күннің маңыздылығын айшықтау үшін жиналған.

Шәріп ДӘУЛЕТБАЕВ / ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЛҚА МҮШЕСІ

 Махметғали САРЫБАЕВ /  ТАРМУ РЕКТОРЫ

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ата заңның адам өмірінің құқықтары мен бостандықтарының, жоғары құндылықтарының сақталуына кепілдік беретіндігін атап өтті. Кез-келген азаматтың заң алдында теңдігі  Қазақстанның құқықтық даму жолында екенін білдіретіндігін атап өтті.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты жиын барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі  үшін облыстың бірқатар азаматтары облыс әкімінің арнайы алғыс хаттарымен, құрмет Грамотасымен марапатталды. Жиын соңы облыстық филармония қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.